Қазіргі уақытта алаяқтық жағдайлар жиілеп кетті, онда қаскүнемдер банк қауіпсіздік қызметінің, қаржы мониторингі қызметінің қызметкері ретінде немесе Ұлттық банк, Ішкі істер министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілі ретінде өзін танытады. Әдетте, олар банктік шоттардағы күдікті операциялар туралы хабарлайды және (немесе) алаяқтарды ұстау үшін арнайы операция жүргізіледі деп айтады.
Бұл қалай болады:
Алаяқ клиентке қоңырау шалып, жоғарыда аталған құрылымдардың қызметкері ретінде өзін танытады және клиенттің жеке деректерін сұрайды - аты-жөні, ЖСН, сканерленген жеке куәлік, фото, карта нөмірі, берілу күні, СVV коды (картаның артқы жағындағы үш таңбалы нөмір) және бір реттік құпия сөздер – клиенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін. Сондай-ақ, қаскүнем клиенттен Anydesk, Rustdesk, HopToDesk, TeamViewer сияқты клиенттің құрылғысына қашықтан қосылу үшін қосымшаны орнатуды сұрауы мүмкін. Осылайша алаяқтардың ықпалымен клиент өзі несие рәсімдейді, ақша аударады немесе алаяққа өз мобильді қосымшасына кіруге рұқсат береді.
Алаяқтың құрбаны болмас үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
- Өзгелерге жеке деректеріңізді, карталық шоттардың реквизиттерін, оның ішінде CVV-кодты бермеңіз;
- Бөгде контактілерден СПАМ-хабарламаларға келіп түскен күмәнді сауалнамаларды толтырмаңыз немесе қалқып шыққан терезелердегі ақпараттарды бермеңіз;
- Жеке деректеріңізді, пластикалық картаның ақпаратын, құпия сөздерді, кодтарды және кодтық сөздерді ешкімге хабарлауға болмайды. Алаяқ сіздің шотыңызды толықтай басқару құқығына ие болуы мүмкін;
- Банк-тен келетін растау СМС-кодтарын ешкімге бермеңіз, өйткені оларды алаяқтар интернет-банкингке қосу үшін қолдануы мүмкін;
- Бейтаныс қосымшалар мен файлдарды жүктемеңіз, өйткені олар сіздің жеке деректеріңізге қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін беретін зиянды бағдарламаларды қамтуы мүмкін.
Банк шоттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
- интернет-банкингте құпия сөздерді тұрақты түрде өзгертіңіз;
- барлық қауіпсіздік жүйелерін қосыңыз: SMS-растаулар, IP-адрес бақылауы, 3D-secure және т.б.;
- Қосымшаларды орнату үшін тек ресми дереккөздерді қолданыңыз (App store, Play Market және т.б.).