Құрметті клиенттер!
Сіздерді биылғы жылдың мамыр айында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (КДК) Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен (ҚҚҚ) бірге банктер салымшылары арасында сауалнама өткізетінін хабарлаймыз. Сауалнаманың мақсаты – депозиттерге кепілдік беру туралы хабардарлық деңгейін және банк пен депозитті таңдауда салымшылар ескеретін факторлардың бар-жоғын анықтау.
Сауалнаманы өткізу КДК, ҚҚҚ және банктердің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша бірлескен жұмысы аясындағы қадамдардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда КДК аптасына 6 күн бойы 1460 қысқа тегін нөмірі арқылы салымшыларға кеңес беріп, тәулік бойы КДК Телеграм-чатында қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, ҚҚҚ және банктермен бірлесіп жұмыс жасаудың нәтижесінде халықты еліміздің барлық аймақтарында кеңірек қамтуға болады деп күтілуде.
Толық ақпаратпен танысып, онлайн сауалнамаға қатысу үшін осында.