№ | № п.п. | Көрсеткіш / Показатель / Indicator | Ақпарат мазмұны / Содержание информации / Information content | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |||
6 | Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы ақпарат | |||||
1 | Акционерлер жиналысының өту түрі | Көзбе-көз | ||||
1 | акционерлік қоғам атқарушы органының орналасқан жері | Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В» | ||||
2 | акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналасын өткізу күні | 28.05.2019 | ||||
3 | акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналасын өткізу уақыты | 10:00 | Мысал / Пример / example: 09:00, 14:30 | |||
4 | акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналасын өткізу орны | Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В» | ||||
5 | акционерлердің жалпы жиналасына қатысушыларды тіркеу уақытының басталуы | 09:00 | Мысал / Пример / example: 09:00, 14:30 | |||
6 | егер алғашқысы өткізілмесе, қоғам акционерлерінің өткізілуге тиісті болған жалпы жиналысының қайта өткізілетін күні | 29.05.2019 | ||||
егер алғашқысы өткізілмесе, қоғам акционерлерінің өткізілуге тиісті болған жалпы жиналысының қайта өткізілетін уақыты | ||||||
8 | акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні | 24.04.2019 | ||||
акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібі | 1) «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы. 2) 2018 жылға «Нұрбанк» АҚ-ның шоғырландырылмаған (жекелеген) жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы. 3) 2018 жылға «Нұрбанк» АҚ-ның шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы. 4) 2018 жылға «Нұрбанк» АҚ-ның таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2018 жылға «Нұрбанк» АҚ-ның бір жай акциясына есептегендегі дивидендтер мөлшері туралы. 5) 2018 жылы акционерлердің «Нұрбанк» АҚ-ның, оның лауазымды тұлғаларының әрекеті жөнінде жүгінулері және оларды қарау нәтижелері туралы. 6) 2018 жылға «Нұрбанк» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшелері мен Басқарма мүшелеріне сыйақы есептеу мөлшері мен құрамы туралы «Нұрбанк» АҚ акционерлеріне хабарлау туралы. 7) Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында «Нұрбанк» АҚ-ның Акцияларды сатып алу кезінде олардың құнын айқындау әдісіне енгізілетін өзгертулерді бекіту туралы. 8) «Нұрбанк» АҚ-ның Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы. «Нұрбанк» АҚ-ның Жарғысына қол қоюға өкілетті тұлғаны айқындау. 9) «Нұрбанк» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ережеге енгізілетін өзгертулерді бекіту туралы. |
|||||
акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлік қоғамның акционерлерін таныстыру тәртібі | «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң) 44-бабы 4-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар акционерлер танысуы үшін «Нұрбанк» АҚ Басқармасы орналасқан жерде жиналыс өткізілетін күннен он күн бұрын дайын әрі қол жетімді болуға тиіс. «Нұрбанк» АҚ акционерінің сауал салуы болған кезде - акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар сауал салу алынғаннан кейін оған үш жұмыс күні ішінде жіберілуге тиіс, бұл ретте құжаттар көшірмелерін жасауға және құжаттарды жеткізуге кеткен шығыстар акционерге жүктеледі. Акционерлердің жалпы жиналысының өткізілуіне қатысты ақпаратпен +7 (727) 2500 000, ішкі нөмір 5783 телефоны арқылы танысуға болады. | |||||
акционерлерлің жалпы жиналысын өткізу тәртібі | Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Жеке басты куәландыратын құжатты алып жүру қажет. Акционер өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өкілеттіктерін растайтын сенімхатты немесе акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге не оның мүддесін білдіруге құқығын растайтын құжатты көрсетуі керек. Заңды тұлға болып табылатын акционер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіндегі талаптарды акционерлерінің (қатысушыларының) орындағаны көрсетілген өтініш ұсынуы тиіс. Өтініш нысаны «Нұрбанк» АҚ-тың http://www.nurbank.kz корпоративтік веб-сайтында орналастырылған. Тіркеуден өтпеген акционер (акционер өкілі) кворумды анықтаған кезде есепке алынбайды және дауыс беру үшін қатысуға құқығы жоқ. Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда мәлімделген уақытта ашылады. Акционерлердің жалпы жиналысы акционерлердің жалпы жиналысының төрағасын және хатшысын сайлайды, дауыс беру нысанын – ашық немесе құпия (бюллетеньдер бойынша) деп анықтайды. Акционерлік қоғамдар туралы заңның 50-бабы 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар әрбір адамға акционерлердің жалпы жиналысын өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша бір дауыстан беруді және директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кезінде кумулятивтік дауыс беруді қоспағанда, «бір акция - бір дауыс» принципі бойынша жүзеге асырылады. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы. Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ. Акционерлердің жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы. Акционерлердің жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады. Акционерлік қоғамдар туралы заңның 52-бабы 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуға тиіс. «Нұрбанк» АҚ акционерлерін «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға шақырамыз. | |||||
14 | акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының бастамашысы | Директорлар кеңесі | ||||
басқа мәліметтер (қажет болған жағдайда) | Акционерлердің жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу акционерлердің жалпы жиналысын өткізу орнында жүргізіледі сағат 09:55-те (Алматы уақытымен) аяқталады. Акционерлік қоғамдар туралы заңның 43-бабы 4-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне: 1) қоғам акционерлері жалпы жиналыс өткізілетін күнге дейін он бес күннен кешіктірілмей толықтырулар туралы хабардар етілген жағдайда, қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленетін акционерлер немесе директорлар кеңесі ұсынған осындай толықтырулар; 2) егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде тоқсан бес пайызын жиынтығында иеленетін акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі енгізілуіне дауыс берсе, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін. |