Ульф Вокурка АО «Нұрбанк» Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры қызметіне тағайындалды. Тиісті шешім акционерлердің кезектен тыс жиналысында қабылданды.
Ульф Вокурка 1962 жылғы 31 қазанда Германияда туған. 1989 жылы МГИМО-ны үздік бітірген. 1990 жылдың қыркүйегінен 2006 жылдың маусымына дейін Германияның Дойче Банк АГ-да әртүрлі қызметтерде, сондай-ақ 2006-2008 жылдар аралығында «Самұрық» мемлекеттік холдингінде басқарма төрағасының орынбасары ретінде жұмыс істеді.
Келесі он жыл ішінде Қазақстандағы ірі компаниялардың, атап айтқанда, АО «Қазпочта», АО «Қазақстан Даму Банкі», АО «Қазына капитал менеджмент», АО «БТА Банк», АО «Қазақстан Халық Банкі» директорлар кеңесі құрамында қызмет етті.
2010 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласындағы Дойче Банк АГ өкілдігін басқарды. 2017 жылдың шілдесінен 2018 жылдың шілдесіне дейін «Казкоммерцбанк» басқарма төрағасы болды және 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін АО «Цеснабанк» басқарма төрағасы ретінде қызмет атқарды.
АО «Нұрбанк» баспасөз қызметі
+7 727 259 97 10 (ішкі.5465)