Құрметті төлем карталарын ұстаушылар!
«Нұрбанк» АҚ Банктік қызмет көрсету шартына (бұдан әрі – Шарт) мынадай өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды, ол «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесімен бекітілген (2015 жылғы 18 мамырдағы №37 хаттама), «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесімен 2015 жылғы 18 желтоқсанда бекітілген №1 өзгерістерді есепке ала отырып, №102 хаттама; «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесімен 2016 жылғы 17 маусымда бекітілген №2 өзгерістер, №62 хаттама; «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесімен 2017 жылғы 1 ақпанда бекітілген №3 өзгерістер, №5 хаттама; «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесімен 2017 жылғы 14 тамызда бекітілген №4 өзгерістер, №60 хаттама; «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесімен 2018 жылғы 16 ақпанда бекітілген №5 өзгерістер, №14 хаттама
Шарттың 2-қосымшасындағы 5-тармаққа сәйкес «Web-Card» төлем картасының жарамдылық мерзімі 2 жылдан 5 жылға өзгертілді, Шарттың 3-қосымшасындағы 3-тармаққа сәйкес «ИП карточка» төлем карталарының жарамдылық мерзімі 2 жылдан 3 жылға өзгертілді. Аталған өзгерістер 2019 жылғы 4 наурыздан бастап күшіне енеді және 2018 жылғы 13 қарашада шығарылатын «Web-Card» төлем карталарына, 2019 жылғы 14 ақпанда шығарылатын «ИП карточка» төлем карталарына таралады.
Шарт шарттарына сәйкес енгізілген өзгерістермен келіспеген жағдайда, сіз Шартты одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы екеніңізді ескертеміз, бұл үшін сіз «Нұрбанк» АҚ-қа Шартта белгіленген тәртіппен Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны тапсыруыңыз қажет.
Мұндай хабарламаны ұсынбауыңыз Шарттың жаңа редакциясымен келісуіңізді және Шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды толық қабылдауыңызды білдіреді.