Өмірлік жолдама

Өмірлік жолдама

Республикалық ауқымдағы «Өмірлік жолдама» әлеуметтік бағдарламасы іске қосылды, оны «Нұрбанк» АҚ және Каспий университеті бастамашылық жасап, сәтті жүзеге асырады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында банктің басқарма төрағасының орынбасары Сағын Ахметов және Каспий университетінің ректоры Жолдасбек Нусенов айтты.

Бұл бағдарламаның арқасында Алматыдағы балалар үйінің 11 түлегі енді Каспий университетінде оқуда. Ал банк және университет оқу шығындарын өз мойнына алып, шәкіртақы төлейтін болады.
«Бұл өзара тиімді әріптестік, – деді Сағын Ахметов. – Балалар үйінің тәрбиеленушісі шынымен де өмірлік жолдама алып, мемлекет толық құқылы қоғам мүшесін алады. Алғашында, бұл жақсы, сапалы білім алу мүмкіндігі, содан кейін – жұмысқа орналасу мүмкіндігі. Университетті аяқтаған соң біз осындай перспективалық маманды жұмысқа алуға дайынбыз».
Бұл «Нұрбанк» АҚ-тың алғашқы әлеуметтік жобасы емес. Жыл сайын Қазақстан бойынша «Жылу сыйлау уақыты» акциясы өткізіледі. Бұл ата-анасыз қалған балаларға және жетім балаларға бағытталған материалдық көмек. 2008 жылдан бері Нұрбанк КТК телеарнасымен бірлесіп, жетім балаларды асырап алу насиxаттауына бағытталған «Үйге жол» әлеуметтік жобасын жүргізуде.
Осы жұмыстың арқасында 300-ден астам қазақстандық бала отбасын және жаңа ата-аналарын тапты.
02.11.2017