Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бастауы

Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бастауы

«Нұрбанк» АҚ екінші деңгейдегі алғашқы 5 банктің бірі ретінде өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруды бастайды.

Бүгінгі таңда «Нұрбанк» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлік субъектілерін кейіннен несиелендіру үшін несие келісіміне қол қойды.

«Нұрбанк» АҚ алған 1-транштағы 1 043 087 222 теңге сомасындағы қаражат Алматы қ., Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысында өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бөлінеді.

Осы бағдарламаның мақсаты - халықтың өнімді жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және азаматтардың кәсіпкерлікке тартылуын қолдау, сондай-ақ өздігінен жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздардың табысын ұлғайту арқылы олардың өнімді жұмыспен қамтылуына жағдай жасау.

Осы бағдарламаның ерекшелігі - оған қолданыстағы кәсіпкерлермен қатар, жоба бастаушылары, яғни стартапшылар да қатыса алады, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеудің мерзімі 1 күнтізбелік жылдан аз болған.

Бағдарламаға қатысушылар жұмыссыздар, жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген-қойылмағанына қарамастан, кәсіпкерлік потенциалы бар өздігінен жұмыс істейтіндер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, олар шағын кәсіпкерлік субъектісі мәртебесін алған, соның ішінде микрокәсіпкерлікке дейінгі мәртебеге ие болғанға дейін несиеге өтінім берген.

Бағдарламаға қатысушылар қолданыстағы өндірісті кеңейту және жаңа өндірісті құру, жабдықты жөндеуге және сатып алуға инвестициялық мақсаттар үшін қаражат тарта алады. Сондай-ақ, бағдарлама арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілері қажетті шикізат сатып алуды немесе, мысалы, салық төлемдерін орындауды, яғни алынған қаржыландыруды айналым қаражатын толтыруға бағыттауға болады.

Бағдарлама бойынша қаржыландыру қазіргі уақытта нарықтағы ең тиімдісі және ең жақсысының бірі болып табылатын шарттармен жүзеге асырылады:

  • несиенің/микронесиенің сомасы 8 000 МРП дейін.

  • несие бойынша жылдық ставкасы 6%, қаржыландыру мерзімі 5 жылға дейін.

  • салалық шектеулердің болмауы, бұл жобаны экономиканың кез-келген секторында жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

  • несиелендіруге байланысты комиссиялар, алымдар және басқа төлемдердің болмауы.

Сонымен қатар, бағдарлама кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету мүмкіндігін қарастырады. Бағдарламаға қатысушылар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының ішінара кепілдігін алу құқығына ие, бұл кәсіпкердің несие бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде қолданылады.

Қызығушылық танытқан жағдайда, біз сізді қызықтыратын сұрақтарды жеке талқылауға қуаныштымыз және сіздің өтініміңізді қысқа мерзімде қарауға дайынбыз.

Сізді Алматы қ., Көкшетау қ., Ақтөбе қ., Талдықорған қ., Өскемен қ., Тараз қ., Қарағанды қ., Павлодар қ., Петропавл қ., Шымкент қ. «Нұрбанк» АҚ филиалдарында күтеміз.

 

02.08.2017