Қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі ұсыныстар мен ережелер

Қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі ұсыныстар мен ережелер

Құрметті АО «Нурбанк» клиенттері

Қаржыларыңызбен жұмыс жасағанда қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі ұсыныстар мен ережелерді еске саламыз.

Банк картасымен Интернет арқылы операция жасағанда келесі ұсыныстарды сақтаңыз:

  • Компьютеріңіздің вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатыңыз және оны үнемі жаңартып отырыңыз, сондай-ақ басқа да пайдаланылатын бағдарламалық өнімдерді (операциялық жүйе мен қолданбалы бағдарламаларды) жаңартыңыз, бұл сізді зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуден қорғауы мүмкін.
  • Интернет-сайттарды тек белгілі және тексерілген сауда және қызмет көрсету ұйымдарынық сайттарын қолданыңыз.
  • Қосылатын және сатып алу жасауды жоспарлаған интернет-сайттардың мекен-жайларының дұрыстығына көз жеткізіңіз, өйткені ұқсас мекенжайлар заңсыз әрекеттер жасау үшін пайдаланылуы мүмкін.
  • Жеке деректер мен (немесе) банк картасының (шотының) мәліметтерін сақтау мақсатында сатып алуды өзіңіздің компьютеріңізден ғана жасауды ұсынамыз. Шеткомпьютер арқылы сатып алу жасалған жағдайда, оған жеке деректер мен өзге ақпаратты сақтамау ұсынылады, барлық операцияларды аяқтағаннан кейін, жеке деректер мен өзге ақпараттың сақталмағанына көз жеткізу қажет (сатушының веб-бетін жаңадан жүктеу арқылы, онда сатып алу жасалған).

SMS-қызметтерді пайдалану кезінде мобильдік құрылғыларды қорғау бойынша ұсыныстар.

SMS-қызметтерді пайдаланғанда бөгде араласулардың болуы және мобильдік құрылғылардың зиянды бағдарламалармен инфекциялануы жағдайларының алдын алу үшін Банк келесі ұсыныстарды береді:

  • Мобилді құрылғыларға лицензиялық антивирус бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатып, уақтылы жаңартыңыз. Антивирус базаларының автоматты жаңартылуын орнатыңыз.
  • Бағдарламаларды (қосымшаларды) тек ресми көздерден жүктеп алып орнатыңыз. Сыртқы тасымалдаушыларды қолданған кезде, оларды жалғаған кезде вирустардың бар -жоғын автоматты анықтауға орнатыңыз.
  • Бір реттік құпиясөздерді растау үшін «MobiPass» қолданбасы орнатылған мобильдік телефонға / құрылғыға сізге белгісіз көздерден алынған қосымшаларды орнатпаңыз. Банк ешқашан SMS / MMS / Email арқылы қосымшаларды орнату сілтемелерін немесе нұсқауларын жібермейді.
  • Қызметке қосылу өтінімінде SMS-хабарламаға белгіленген нөмірдің SIM-картасы істен шыққан кезде немесе жоғалғанда, дереу Банкпен байланысып, қашықтан қызметтерге (Интернет-банкинг, sms-хабарлама) қол жетімділіктің бұғатталуын немесе ұялы телефон нөмірін Банк бөлімшелерінде өтінішті толтыру арқылы өзгертіңіз.
  • Қоңырау соғушыларға банк картасының деректемелерін (карта нөмірі, картаның жарамдылық мерзімі, картада басылған аты-жөнін, ПИН-код, картаның артқы жағында басылған CVV/CVV2 кодын, пластикалық картаның түрін) ешқашан хабарлаңыз, кіретін логиндер, құпиясөздер мен қосылған банк қызметтері (қызметтер) шеңберінде клиентке берілген растау кодтарын жарияламаңыз.
  • SMS-қызметтерді қосқанда телефоныңызға / құрылғыңызға вирусқа қарсы қорғауды орнатуды ұсынамыз.

Open24/Nurbank24 жүйесін пайдалану қауіпсіздігі ережелерімен сіз Интернет банкингтің nurbank24.kz сайтындағы «Open24/Nurbank24 жүйесін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі кеңестер» бөлімінде таныса аласыз.

Банк атынан сізге күмәнді көрінген SMS-хабарламалар, хаттар немесе деректердің компрометациялары не рұқсатсыз қол жетімділік орын алған жағдайда, «Жеке тұлғаларға арналған Интернет банкинг» жүйесі арқылы банктік шоттардан рұқсатсыз транзакцияларды байқаған жағдайда, АО «Нурбанк» Байланыс орталығына дереу мына телефондарға хабарласыңыз: 2552 — Kcell, Altel 4G, Tele2, Beeline, Activ мобилді операторлары үшін тегін, Алматы тел: +7 (727) 250-67-27, тел: +7 (727) 250-00-00, 244-44-44, сондай-ақ тәулік бойы төлем карталарын қарастыратын WhatsApp: +7 707 000 25 52. Нурбанк мамандары сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді.

Алаяқтардың құрбанына айналмау үшін сақ болуды табанды түрде ұсынамыз!

03.04.2017