Standard & Poor's Нұрбанктің несие рейтингтерін «В/В» деңгейінде растады

Standard & Poor's Нұрбанктің несие рейтингтерін «В/В» деңгейінде растады

Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Нұрбанктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие рейтингтерін «В/В» деңгейінде қайта растады. Standard & Poor's талдаушылары проблемалы қарыздар көлемінің сәтті қысқарғанын және банктің оң өсу қарқынын атап өтті.

«Біз Нұрбанктің бизнес-позициясын «орташа» деп бағалаймыз, өйткені банк Қазақстандағы ең ірі банктер тізіміне кіреді. Сонымен қатар, қарқынды даму банкке бәсекелестік позициясы мен қаржылық бейінін тұрақтандыруға мүмкіндік берді», — деп атап өтті Standard & Poor's өкілдері.

«Несие рейтингінің «В/В» деңгейінде расталуы банк сенімділігін және клиенттер мен серіктестердің сенімін білдіреді. Осы жылы банктің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында біз бөлшек бизнесті белсенді дамытып, онлайн-банкингті дамытуды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде біздің клиенттерге жаңа карточкалық өнімдер, интернет-банкинг Nurbank24, ақша аударымдары платформасы Nurpay.kz, қызметтерге төлем жасауға арналған кең желі терминалдары және тағы басқалар қолжетімді» — деп атап өтті «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы Э. Сарсенов.

05.01.2017