Құрметті салымшылар!
2016 жылғы 7 қарашада «Нұрбанк» АҚ еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты, ұлттық валютада (теңге) ашылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақының екінші траншын төледі.
Өтемақыны 2015 жылдың қазан айында өз депозиттерін қайта рәсімдеген және бір жыл ішінде депозиттерді талап етпеген салымшылар алды.
Өтемақы сомасын есептеу кезінде 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша ұлттық валюта (теңге) мен АҚШ доллары арасындағы айырбас бағамы - бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге, ал 2016 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша ұлттық валюта (теңге) мен АҚШ доллары арасындағы айырбас бағамы - бір АҚШ доллары үшін 333,50 теңге қолданылды.
2015 жылдың қараша айында өз депозиттерін қайта рәсімдеген салымшыларға өтемақы 2016 жылдың 10 желтоқсанына дейін төленеді.