АО «Нурбанк» дамуының негізгі көрсеткіштері I жартыжылдықта өсті

АО «Нурбанк» дамуының негізгі көрсеткіштері I жартыжылдықта өсті

2016 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша Нурбанк негізгі қаржылық көрсеткіштердің оң динамикасын көрсетті, деп мәлімдеді АО «Нурбанк» басқарма төрағасы Эльдар Сарсенов.

«Менің Нурбанкке келуіммен компанияның даму саясатына өзгерістер енгізілді. Бүгін банк жұмысының нәтижелері таңдалған стратегияның тиімділігін, яғни теңдестірілген өсуге, бизнес дамуына, жаңа қызметтер мен технологияларды енгізуге бағытталғанын көрсетеді», — деді Нурбанк басшысы Э. Сарсенов.

Айта кетейік, осы жылы банк Қазақстан бойынша 200 төлем терминалын орнатты, бұл терминалдар арқылы клиенттер банктік операцияларды кезексіз және арзанырақ тарифтермен жүргізе алады. Физикалық тұлғаларға арналған Nurbank24 интернет-банкингтің мобильді қосымшасы іске қосылды, сондай-ақ www.nurbank.kz корпоративтік сайттың дизайны жаңартылды. Банк клиенттеріне сайтта және WhatsApp қосымшасында чат арқылы кеңес беру қызметі іске қосылды.

Сонымен қатар, жаңа несие, депозит және карточкалық өнімдер енгізілді, олардың ішінде «Білім беру-Жинақтау салымы», кепілсіз, кепілді және білім беру несиелері, WEB-Card, Instant Card төлем карточкалары және басқа да көптеген қызметтер бар.

«Банктің бірінші жартыжылдықта қаржыландырудың маңызды көздерінің бірі болып клиенттердің жиналған қаражаты болды. Есеп беру кезеңінде банк активтері 4%-ға өсті, салымдардың түсімі 8%-ға артты, бұл банктің бизнестен және халықтан үлкен сенімге ие екенін көрсетеді», — деп қорытындылады ол.

Шоғырландырылған деректерге сәйкес, банктің активтері 2016 жылдың 1 шілдесінде 335,5 млрд. теңгеге жетті, бұл жылдың басындағыдан 12,3 млрд. теңгеге көп. Активтердің өсуі негізінен құнды қағаздар портфелінің 58%-ға ұлғаюымен қамтамасыз етілді.

2016 жылдың басынан бастап проблемалық несиелер саны 13,2%-дан 9,3%-ға азайғаны байқалады, бұл кредиттердің сапасының жақсаруын көрсетеді.

Банктің пайдасы 2016 жылдың қаңтар-маусымында 560 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есе көп.

Банктің қызмет көрсету географиясы бүкіл елді қамтиды. Банк Қазақстан Республикасының барлық негізгі аймақтарында 16 филиал және 81 банктік қызмет көрсету орталығына ие. Сонымен қатар, банк банкоматтар, төлем және POS-терминалдар, сондай-ақ Интернет-банкинг тәрізді дамыған баламалы сату желісіне ие.

Нурбанк тұтынушылық несиелендіруді дамытады, ірі өнеркәсіп мекемелерін қаржыландырады. Шағын және орта бизнесті қаржыландыруға ерекше көңіл бөлінеді, ол банктің өз қаражаты есебінен де, мемлекетпен бірлесіп те жүзеге асырылады. Сонымен қатар, шетелдік жетекші банктермен серіктестік қарым-қатынастар кез келген жерге жылдам ақша аударуға, VISA International және MasterCard төлем жүйелерінің банктік карточкаларын обслуживать етуге, сондай-ақ өзінің төлем карточкаларын шығаруға мүмкіндік береді.

Жақын болашақта банк бизнес дамуының стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруды жоспарлауда, атап айтқанда:

  • жеке тұлғаларды несиелендіру беру көлемдерін ұлғайту;
  • бөлшек, шағын және орта бизнес қызметін кеңейту;
  • несие портфелінің және депозиттік базаның сапасын арттыру;
  • клиенттерге қызмет көрсету жылдамдығын арттыру.
01.08.2016