АО «Нурбанк» акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы

АО «Нурбанк» акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы

«Нурбанк» Акционерлік қоғамы (мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік № 3868-1900-АО, 09.11.2004 ж.), мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғ. 10 «В», Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес (12 сәуір 2016 жылғы № 29-(16) хаттама), АО «Нурбанк» акционерлеріне жылдық жалпы жиналысты келесі күн тәртібімен шақырады:

1) АО «Нурбанк» акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

2) АО «Нурбанк» 2015 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту.

3) АО «Нурбанк» 2015 жылғы жеке қаржылық есептілігін бекіту.

4) АО «Нурбанк» 2015 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.

5) 2015 жылдың нәтижесі бойынша қарапайым акцияларға дивиденд төлеу және бір қарапайым акцияға дивиденд мөлшерін қарастыру.

6) АО «Нурбанк» 2016 жылға қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау.

7) АО «Нурбанк» әрекеттері, оның лауазымды тұлғаларының әрекеттері бойынша акционерлердің өтініштерін қарастыру және 2015 жылғы олардың қаралу нәтижелері.

8) АО «Нурбанк» Жарғысының жаңа редакциясын бекіту. АО «Нурбанк» Жарғысының жаңа редакциясына қол қоюға уәкілетті тұлғаны анықтау.

9) 2015 жылғы АО «Нурбанк» Директорлар кеңесі және Басқарма мүшелеріне төленген сыйақылардың көлемі мен құрамын акционерлерге хабарлау.

Жылдық жалпы акционерлер жиналысы 2016 жылғы 19 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де, мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғ. 10 «В» өтеді. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу, жиналыс өтетін жердегі сағат 09:00-де басталады.

АО «Нурбанк» акционерлерін жылдық жалпы жиналысқа қатысуға шақырамыз. Күн тәртібінің мәселелері мен жылдық жалпы жиналыс өткізуге қатысты ақпарат және материалдармен Алматы қ., Абай даңғ. 10 «В» мекенжайындағы АО «Нурбанк» кеңсесінде танысуға болады, байланыс телефоны: 8(727) 259-97-10 (Корпоративтік хатшы Тлегенова Данара - ішкі 5783).

АО «Нурбанк» жылдық жалпы жиналысына қатысу құқығына ие акционерлер тізімі 2015 жылғы 12 сәуірге акция ұстаушылар реестрі негізінде жасалған. Қатысу құқығы бар акционерлер тізімі жасалғаннан кейін, олар өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларды иеліктен шығарған жағдайда, бұл құқық жаңа акционерге өтеді. Бұл ретте, акцялардың меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы керек.

Жалпы акционерлер жиналысына қатысу үшін жеке тұлға-акционерлер өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат ала келуі керек. Жеке тұлғалар-акционерлердің өкілдері нотариалды расталған сенімхат және өкілдің жеке басын куәландыратын құжат ұсынуы керек.

Заңды тұлға-акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхат және өкілдің жеке басын куәландыратын құжат ұсынуы қажет. Қазақстан Республикасы заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін ұсынуға құқы бар тұлғалар жалпы акционерлер жиналысына қатысу және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беру үшін сенімхат ұсыну қажет емес. Заңды тұлға-акционерлер өздері мен олардың акционерлері (қатысушылары) тіркелген елге қатысты олармен және олардың акционерлерімен (қатысушыларымен) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңның 17-бабының 5-тармағының талаптарын сақтау туралы мәлімдеме ұсынуы керек. Мәлімдеме формасы сілтемесінде орналасқан.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының талаптарына сәйкес, акционерлер, олардың акциялары номиналды ұстауда болып және олар туралы ақпарат орталық депозитарий жүйесінде жоқ акционерлер, жалпы акционерлер жиналысында дауыс беруге жіберілмейді.

Кворум болмаған жағдайда, АО «Нурбанк» қайталанатын жылдық жалпы акционерлер жиналысы 2016 жылғы 20 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғ. 10 «В» өтеді.

Мәлімдеме формасы (.docх, 13 КБ)

18.04.2016