Алматы, 2021 жылғы 29 қыркүйек АҚ «Нұрбанк» директорлар кеңесінің шешімімен 2021 жылғы 29 қыркүйектен бастап Гүлнара Абаевна Мусатаева банк басқармасының төрайымы болып тағайындалды.
Бұған дейін Гүлнара Мусатаева АҚ «Нұрбанк» басқарма төрайымының орынбасары қызметін атқарып, заң мәселелерін қадағалаған, сонымен қатар оның басқаруында банктің кепіл қызметі, талап-арыз жұмыстары бөлімі, жарнама және қоғаммен байланыс басқармасы, персоналмен жұмыс және әкімшілік-шаруашылық қызмет болған. Мусатаева Г. бөлшек және карточка бизнесі бөлімшелерінің жұмысын қадағалаған.
Бұл лауазымда Гүлнара Мусатаева ірі акционер мәртебесін алуына байланысты қызметтен кеткен Елдар Сарсеновты ауыстырды.
«Акционерлер мен директорлар кеңесінің сенімін бағалаймын. Нұрбанк нарықта 30 жылға жуық қызмет етіп келеді. Банк өсуде және қаржы нарығында тұрақты орнын алуда. Біз банктің одан әрі сапалы дамуы, бөлшек, корпоративтік секторлар мен ШОБ-тағы несие портфелінің сенімді өсуі, озық технологияларды қолдана отырып, қызметтер мен өнімдер тізімін кеңейту бойынша үлкен жоспарларымыз бар», - деп түсіндірді басқарма төрайымы Гүлнара Мусатаева.
Анықтама: Гүлнара Абаевна Мусатаева 1967 жылғы 28 желтоқсанда туған. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары ол Қазақстан Ұлттық банкінде, ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде, сондай-ақ Халық банкте жұмыс істеді. 2011 жылдан 2020 жылға дейін – АҚ «Нұрбанк» басқарушы директоры, басқарма мүшесі. 2020 жылғы 2 желтоқсаннан бері АҚ «Нұрбанк» басқарма төрайымының орынбасары болып тағайындалды. Банктік сектордағы жұмыс тәжірибесі - 27 жыл.