Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен «Нұрбанк» АҚ астаналық филиалы арасындағы меморандум Қазақстан Республикасы жастарын 2021-2025 жылдары қолдау жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында қол қойылды.
Құжаттың басты мақсаты - жас мамандарды қолдау және оларды кәсіби маман ретінде тәрбиелеу. Меморундум аясында банк Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығымен бірлесіп жас мамандардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдеседі және тәжірибе алмасады.
"Нұрбанк" әрқашан жұмыс орындарын құру мен сақтауды және қызметкерлеріне қамқорлық жасауды басымдыққа қояды. Сондықтан қаржы институты бизнесті қолдау бағдарламаларына әрқашан қатысады. Өйткені, олар жұмыс орындарын ашады.
«Нұрбанк» АҚ Қазақстанның қаржы нарығында 28 жылдан астам жұмыс істеп келеді. 2020 жылы Standard and Poor's банктің рейтингін «тұрақты» деңгейіне дейін көтерді.