Нұрбанк 2020 жылы стратегиялық жоспарды жүзеге асырып, тұрақтылығын сақтап қалды

Нұрбанк 2020 жылы стратегиялық жоспарды жүзеге асырып, тұрақтылығын сақтап қалды

2021 ж. 4 ақпан. Онлайн өнімдерді жетілдіру, депозиттік және кредиттік портфельдердің өсуі, қосымша капитализация – 2020 жылы банкпен болған негізгі оқиғалар. Өткен жыл қиын болғанына қарамастан, "Нұрбанк" АҚ барлық қойылған міндеттерді жүзеге асыра алды және тұрақты болып қалды.

2020 жылдың басында банк активтердің сапасын бағалау AQR сараптамасынан өтті. Бұл диагностика банктердің капиталға деген қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді - портфельдердің сапасына баға беру, кредиттік практикасын талдайды. Оның қорытындылары бойынша реттеуші тарапынан банк 2020 жылы жүзеге асырған бірнеше шаралар ұсынылды.

Өткен жылдың көктемінде банктің 15 жыл мерзімінде өтелетін 46,8 млрд теңге сомасындағы субординацияланған облигациялары орналастырылды. Банк бұл қаражатты нақты экономика секторын кредиттеуге және қолдауға бағыттады. Мамыр айында Нұрбанктің 20 млрд теңгеге қосымша капитализациясы аяқталды. Нәтижесінде банктің сенімділігін арттырып, таңдалған стратегия бойынша даму мен өсім жүзеге асырылды.

«Бұл шаралар AQR нәтижелері бойынша міндеттемелерді орындауға және проблемалы несиелерден болатын потенциальды шығындарды жабуға арналған жастық ретінде пайдадан құралатын қосымша резервтер жасауға мүмкіндік берілді. Бұл қаржылық нәтижеге әсер етті (жасалған резервтер сомасына шығын). Бұл шығындылықтың 48,4 млрд теңге мөлшерінде болжамдалған және осындай жақсы көлемде резервтер құрудың табиғи салдары екендігін түсіну қажет», - деп түсіндірді Нұрбанк.

Нұрбанк Қазақстан нарығында 28 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатыр және осы уақыт ішінде банк әрқашанда өз міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемде орындап отырды. Standard and Poor’s агенттігі 2020 жылы рейтингтерді жақсартып, болжамын «теріс»-тен «тұрақты»-ға өзгертті.

2020 жыл барлық аспектілерде қиын болғанына қарамастан, банктің көрсеткіштері тұрақты болып, бірнеше секторлар бойынша өсім көрсетті. Осылайша, ағымдағы жылдың нәтижелері бойынша банк 2021 жылы кредиттік портфельдің көлемін 2020 жылдың соңындағы қалдықтарға қарағанда кемінде 8% -ға арттыруды жоспарлап отыр. Банктің 2020 жылдың 2019 жылмен салыстырғандағы оң нәтижелері:

- кредиттік жұмыс портфельдің 3,3% немесе 5,7 млрд теңгеге ұлғаюы;

- депозиттік портфельдің 4,5% немесе 12,5 млрд теңгеге өсуі;

- таза пайыздық табыстардың 24% өсуі;

- диллинг операциялар бойынша табыстардың 1,5 есе өсуі.

2020 жылы шағын және орта бизнес елеулі табыстар көрсетті. Атап айтқанда, кредиттік портфель 15%-ға артты, таза пайыздық табыс 45%-ға ұлғайды, депозиттік портфель 15,8%-ға өсті. Сондай-ақ қарыз алушылар саны 12,8% және салымшылар саны 19,2% өскенін көрдік. ШОБ кредиттік портфелінің банк портфеліндегі үлесі 2019 жылғы 23%-дан 2020 жылы 27%-ға дейін өсті.

Біз осы жылы банктің бәсекеге қабілеттілігін біртіндеп арттыруды және клиенттер үшін ең қолайлы жағдайларды сақтауды, әмбебап банктің ажырамас атрибуты ретінде бөлшек бизнесінің дамуына назар аударамыз.

04.02.2021