«Нұрбанк» АҚ сан рет IQanat білім беру қорына қаржылық қолдау көрсетті. Бөлінген қаражат ауылдардағы дарынды оқушыларға сапалы білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ олардың Қазақстанның және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге дайындалуына көмектеседі.
IQanat Қоры – ең ынталы ауыл балаларын таңдауға және оларға өмірге білім беру «жолдамасын» беруге бағытталған қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік-ағартушылық жобасы. IQanat түлектерінің 94%-ы Қазақстанның және шетелдердің беделді университеттеріне гранттар бойынша оқуға түсіп, қазірдің өзінде әлемнің 17 елінде білім алуда. Бүгінде жоба еліміздің барлық 170 ауданын қамтып, ауылдағы білім саласын дамытуға үлес қосып, өңірлерге меценаттық қолдау көрсетіп жүрген 200-ден астам қазақстандық кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Нұрбанктің IQanat қорымен ынтымақтастығы 2019 жылы басталды. Әріптестіктің терең және ұзақ мерзімді сипатының маңызды дәлелі «Нұрбанк» АҚ акционері Эльдар Сәрсенов қордың сенімді қамқоршысы болып табылады. Атап айтқанда, Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы мектеп оқушылары үшін қолайлы және ынталандыратын білім беру ортасын құруға қолдау көрсетуде.
«Өскелең ұрпақтың білімі мен дамуына инвестиция салу – еліміздің мықты әрі табысты болашағының кепілі. Біз шалғайдағы жастарға қолдау көрсетіп, олардың қабілеттерін ашуға, алға қойған мақсаттарына жетуге, білім мен оқуға деген сүйіспеншілігін арттыруға көмектескенімізді мақтан тұтамыз. Мектеп оқушыларының арасында ең маңызды мәселелерді шешуге және елдің жаңа жетістіктеріне жетуге қабілетті болашақ көшбасшылар, ғалымдар мен жаңашылдар бар екеніне сенімдімін.
Нұрбанктің білім беру бастамаларына ұмтылуы кездейсоқ емес. 10 жылдан астам уақыт бойы банк «Өмірге жолдама» бағдарламасы аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Caspian University-де тегін білім алуға көмектесіп келеді. Бұл бағдарламаның тәжірибесі жастарға жан-жақты қолдау көрсетудің қаншалықты маңызды екенін айқын дәлелдейді: бүгінде біздің көптеген түлектеріміз қызметтің әртүрлі салаларында мансаптарын сәтті құруда. Сондықтан білім беру жобаларын, соның ішінде IQanat қорын қолдау банктің әлеуметтік саясатының басым бағыты болып қала береді», - деп атап өтті «Нұрбанк» АҚ акционері Эльдар Сәрсенов.
Мағлұмат:
Нұрбанк 32 жылдан астам уақыт Қазақстанның қаржылық қызметтері мен өнімдері нарығында табысты жұмыс істеп, әлеуметтік-бағдарланған бизнесті құруда. Осы уақыт ішінде Банк республикалық және қалалық деңгейде 1000-нан астам қайырымдылық бағдарламалары мен ауқымды жобаларды жүзеге асырды. Бүгінгі таңда «Спасибо Деду за Победу», «Charity Music Run», «Өмірге жолдама» және басқа да маңызды жобалар сияқты жеке бастамаларымызды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
Банктің негізгі әлеуметтік бастамаларының бірі 2014 жылы бастау алып, Caspian University-мен серіктестікте іске қосылған «Өмірге жолдама» білім беру бағдарламасы болып табылады. Жобаның идеялық шабытшысы Банк акционері Эльдар Сәрсенов болды. Бағдарлама аясында Нұрбанк оқу ақысын, ай сайынғы шәкіртақыны және оқу процесіне байланысты басқа да шығындарды толығымен өтейді.
Бұл ретте, студенттерге қолдау тек оқумен ғана шектелмейді: Банк олардың хоббилерін, қызығушылықтарын, спорт клубтары мен топтарын қаржыландыру арқылы өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылысын ынталандырады. Бағдарламаға қатысушылар сонымен қатар Банктің филиалдары мен бөлімшелерінде өндірістік тәжірибеден өтеді, бұл оларға практикалық дағдыларды меңгеруге және табысты жұмысқа, оның ішінде өңірлік филиалдарда және Нұрбанкпен еншілес компанияларда жұмысқа сәтті дайындалуға мүмкіндік береді.
* Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылдың 03-ақпанында берген «Нұрбанк» АҚ-тың лицензиясының №1.2.15/193.