Нұрбанк Ria Money Transfer халықаралық ақша аударымдар жүйесін пайдаланатын клиенттерге арналған «Ria Money Transfer-мен бірге Күз мерзімі» сыйлықтар ұтыс ойыны акциясының басталғанын хабарлайды.
Акция 2026 жылдың 5 қазанынан 21 желтоқсанына дейін жүргізіледі. Осы кезеңде банк клиенттері халықаралық аударымдарды жылдам және ыңғайлы түрде жіберіп қана қоймай, сонымен қатар бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Ұтыс ойыны 2026 жылдың 23 желтоқсанында өтеді.
Акция нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталады және оларға келесі сыйлықтар беріледі:
Акцияға қатысу үшін Нұрбанк бөлімшелері немесе Nur24.kz мобильді қосымшасы арқылы Ria Money Transfer жүйесі бойынша аударымдар жасап жүру қажет. Кем дегенде 1 АҚШ доллары немесе еуро (аударым валютасына байланысты) сомасындағы аударымдар акцияға қатыса алады. Бас тартылған немесе қайтарылған аударымдар есепке алынбайды.
Әрбір аударым автоматты түрде ұтыс ойынына қатысады: ID транзакциялары қатысушылардың жалпы тізіміне қосылады. Жеңімпаздар Instagram-дағы тікелей эфир кезінде кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады. Қатысушы неғұрлым көп аударым жасаса, соғұрлым оның жеңіске жету мүмкіндігі жоғары болады.
Акция шарттарымен банктің ресми сайтында / танысуға болады.
Ria Money Transfer - бұл әлемнің 190-нан астам еліне қаражат жіберуге мүмкіндік беретін халықаралық ақша аударымдары жүйесі.
Қазақстанда Ria Money Transfer жүйесі арқылы аударымдар тек Нұрбанк арқылы ғана қолжетімді.
Банк клиенттері халықаралық аударымдар үшін тиімді тарифтерге қол жеткізе алады:
Аударымдарды Нұрбанктің барлық бөлімшелерінде, сондай-ақ Nur24.kz мобильді қосымшасы арқылы жіберуге және алуға болады.
Аударымдар жүйесінің жұмыс істеу шарттары туралы толық ақпаратты банк бөлімшелерінен және / ресми сайтынан алуға болады.
ҚНРДА берген 17.08.2026 жылғы № 1.1.849/146 Банктік және басқа операцияларды іске асыруға лицензия (Әмбебап банктік лицензия). ҚНРДА берген 03.02.2020 жылғы № 1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсетуге лицензия.