Көп жылдар бойы қайырымдылық қызметі «Нұрбанк» АҚ-ның корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлшегі болып табылады. Банк жыл сайын онкологиялық аурулары бар балаларға көмек көрсету мақсатында салауатты өмір салтын ұстанушыларды жалпы, ал жүгірушілерді арнайы біріктіруге арналған Charity Music Run музыкалық қайырымдылық жүгіруін өткізеді. Жиналған барлық қаражат ғылым педиатрия және балалар хирургиясы орталығына жабдықтар сатып алуға бағытталады, деп хабарлады банкте.
2022 жылғы 23 қазанда Алматыда 1 500-ден астам әртүрлі жастағы жүгірушілерді жинаған Charity Music Run өтті және ол тұрғындарға нағыз спорт мерекесіне айналды.
Қатысушылардың тіркеу төлемдері медициналық көпфункционалдық кереуеттердің сатып алынуына бағытталған, олар бұрыштарды өзгерту арқылы науқас баланың денесінің белгілі бір бөліктеріне ең ыңғайлы қалыпты қолдау арқылы оңалту мен емдеуді жеңілдетеді.
«Charity Music Run қайырымдылық музыкалық жүгіруінің қатысушылары мен біздің банктің үлесі арқасында біз ғылым педиатрия және балалар хирургиясы орталығының реанимациясына алты қымбат тұратын көпфункционалдық кереует сатып ала алдық. Олар кішкентай пациенттердің күрделі операциялардан кейін өзін жайлы сезінуі мен тезірек қалпына келуіне көмектеседі. Біздің жүгіруіміздің миссиясы – көмек көрсету, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау. Жүгірудің әрбір қатысушысы өздерін сынау ғана емес, сондай-ақ ізгі іске баға жетпес үлес қосу маңызды. Мен шараға қатысқандарыңызға және біздің бастамамызды қолдағандарыңызға алғыс айтқым келеді», – деп мәлімдеді «Нұрбанк» АҚ басқарма төрайымы Гүлнара Мусатаева.
Медицина ғылымдарының кандидаты, Ғылыми педиатрия және балалар хирургиясы орталығының хирургиялық блок жетекшісі Хаиров Константин Эдуардович: «Бүгін біз ғылыми педиатрия және балалар хирургиясы орталығының реанимациялық блогына арналған көпфункционалды заманауи кереуеттер алдық. Орталық – бұл күн сайын біздің жоғары білімді дәрігерлеріміз жүздеген кішкентай пациенттердің өмірін құтқаратын бірегей медициналық мекеме. Жыл сайын онкология және гематология бөлімшесінде 2500 бала ем алады», – деп айтты.
Маман орталықтың Charity Music Run ұйымдастырушысы – «Нұрбанк» АҚ-мен ынтымақтастықтың жақсы дәстүрлері қалыптасқанын атап өтті. Қатысушылардың және демеушілердің қолдауымен 2018 жылы онкология бөлімінде емделіп жатқан балалардың ата-аналарына арналған душ және жуыну орындары жөнделді. 2019 жылы жиналған қаражатқа медициналық жабдықтар: сүйек кемігін трансплантациялау кезінде қажетті діңгекті жасушаларды сақтайтын дьюарлар сатып алынды. «Біз „Нұрбанк“ пен жүгіруге қатысушыларға пациенттерімізге арналған кереуеттерді бергені үшін алғыс айтамыз», – деп қосты Константин Хаиров. «Нұрбанк» АҚ салауатты өмір салтының қолдаушылары, жүгіруді сүйетіндер мен әлеуметтік белсенді адамдарды Charity Music Run-ға қатысуға шақырады. Тіркеу жақын арада ашылады. Жүгіру туралы толығырақ ақпарат: https://nurbankmusicrun.kz/
Дерек көзі: https://www.nur.kz