Рашит Сәрсеновтың ұлы "Нұрбанк" иесі болмақ

Рашит Сәрсеновтың ұлы "Нұрбанк" иесі болмақ

поулцтсарйл

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Елдар Сәрсеновке "Нұрбанк" компаниясының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі басқармасының қаулысымен "Нұрбанк" АҚ-ның ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға Елдар Сәрсеновке келісім беру мақұлданды. Бұл мәртебе JP Finance Group ЖШС-нің 100 % үлесін алуға құқық береді және сәйкесінше банк акцияларының орналастырылған (артықшылықты және қайтарылған акцияларды есептемегенде) акциялар санының 87,87 пайызына және (немесе) дауыс беретін акциялар санына жанама түрде ие болуға құқық береді", - делінген хабарламада.

Елдар Сәрсенов JP Finance Group ЖШС-нің үлесін алған күннен бастап және банктің ірі жанама қатысушысы мәртебесіне ие болғаннан кейін "Нұрбанк" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетуі тиіс екенін атап өтті.

Елдар Сәрсенов атақты кәсіпкер, "Нұрбанк" иесі Рашит Сәрсеновтың ұлы және 2015 жылдан бері банктің басқарма төрағасы лауазымын атқарып келеді.

72 жастағы Рашит Сәрсенов Forbes рейтингісі бойынша Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің ондығына кіреді. Оның байлығы 810 миллион долларға бағаланған. Кәсіпкерде "Нұрбанк" АҚ акцияларының кемінде 88 пайызы бар (JPFinance Group LLP ЖШС және "Кастинг" ЖШС арқылы), 100 % "Виктория" сақтандыру компаниясы, Француз үйі BSB ЖШС ("Француз үйі", Beautymania, Imperial Home, "Планета красоты" сауда желілері), Oil Real Estate ЖШС (ТРК, ТЦ басқару), Caspian Riviera қонақүйі, Vita су өндірісі және сатылымы компаниясы, Түркістан облысындағы Chateau Silk Alley шарап кешені, KSP Steel және "Кастинг" зауыттарындағы үлестері бар.

1987-1988 жылдары Рашит Сәрсенов басқарма бастығы, жоғары және арнаулы орта білім министрінің орынбасары қызметін атқарды, 1988-1992 жылдары Қазақстанның халықтық білім министрінің орынбасары болды.

22.09.2021