Нұрбанктің таза пайдасы 104 есеге артты

Нұрбанктің таза пайдасы 104 есеге артты

Курсив.kz Іскерлік порталы

«Нұрбанк» АҚ 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларына қаржылық нәтижелерін ұсынды. 

Алдыңғы жылмен салыстырғанда таза пайда 104 есеге өсіп, 1,381 миллиард теңгеге жетті. Салық салуға дейінгі пайда 86 есеге артып, 1,385 миллиард теңгеніқұрады.

Акционерлік капитал өзгеріссіз қалып,127 611 миллион теңгеніқұрады. Банктің жеке капиталы 5,4%-ға артып, 55,378 миллиард теңгеге жетті.

2018 жылдың есептік кезеңінде Нұрбанктің активтері 360,126 миллиард теңгеге (жылына 1% артты) жетті.

«ЖШС және басқа қаржы институттарындағы шоттар мен депозиттердің көлемі 5,1 миллиард теңгені құрайды. 

Клиенттерге берілген несиелер туралы ақпарат:

- ірі кәсіпорындарға: 141,250 миллиард теңге;

- шағын және орта кәсіпорындарға: 49,910 миллиард теңге;

- бөлшек клиенттерге: 36,836 миллиард теңге.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Нұрбанк активтердің көлемі бойынша Қазақстанның 32 банкі арасында 14-ші орын алды, деп жазады Интерфакс Қазақстан.

Анықтама:

Нұрбанк өзінің қаржылық қызметін 1992 жылғы 3 тамызда Атырауда бастады және бұл қалада 2003 жылға дейін жұмыс істеді. Ашуынан 11 жыл өткен соң бас филиал Алматыға көшті.

Банктің ірі акционері «JP Finance Group» ЖШС (88,4%) болып табылады. Банктің еншілес компаниялары ретінде «ДО АҚ «Нұрбанк» Сақтандыру компаниясы «Нұрполис», «ДО АҚ «Нұрбанк» «Money Experts», «ДО АҚ «Нұрбанк» Лизинг компаниясы «Нұр Лизинг» және «ОУСА «NB» ЖШС табылады. 

Банктің басқарма төрағасы 5 жыл бойы (2012 жылғы 30 қарашадан бастап) Эльдар Сарсенов болып табылады.

04.05.2018