Қазіргі заманғы технологиялар арқасында кез келген әлем нүктесіне ақша жіберуге болады, бұл үшін бірнеше минут жеткілікті. Кейде басқа қалаға қолма-қол ақшаны мейлінше жылдам әрі қауіпсіз жіберу керек болады. «Къ» Қазақстанда банкте шот ашпай ақша аудару жолдарын зерттеді.
Бүгінде экспресс-аударымдар нарығында көптеген ойыншылар бар және олардың саны үнемі өсуде. Алғашқы кезекте, жедел түрде қолма-қол ақша аудару қажеттілігі туғанда, жарнамаланған халықаралық аударым жүйелері еске түседі. Алайда, Қазақстанның ірі екінші деңгейлі банктері де ішкі және халықаралық ақша аударымдарын қамтамасыз етеді, бұл үшін олардың кең филиалдық желісі бар. Көбінесе, отандық банктер арқылы ақша аудару шетелдік компаниялардан арзанға түседі.
Қолма-қол ақшаны аудару сервисін таңдағанда, неге назар аударған жөн? Алдымен, аударымның сенімділігі маңызды. Екінші деңгейлі банктер мемлекеттік реттеледі және тиісті заңдарға сәйкес келеді, бұл қызметтің қауіпсіздігін максималды деңгейде қамтамасыз етеді. Екіншіден, қызмет құнын, яғни ақша аударымы үшін алынатын комиссияны білу қажет. Ол аударым сомасына пайыз немесе тұрақты болуы мүмкін. Сонымен қатар, сервис географиясы, жеткізу жылдамдығы, валюта және қажет болған жағдайда жылдам қайтару мүмкіндігі маңызды.
«Къ» шот ашпай-ақ қолма-қол ақша аудару бойынша отандық ЕДБ ұсыныстарын қарастырды. Кейін банктер комиссия мөлшеріне қарай өсу ретімен ұсынылады.
Қазақстан аумағында қолма-қол ақша аудару ең тиімдісі Нурбанкте. РК бір нүктесінен басқа аймақтарға шот ашпай-ақ «NUR Экспресс» арқылы аударым бірнеше секундта жүзеге асады. Нурбанкте ақша аудару үшін қажетті құжат - жеке куәлік және алушы туралы ақпарат.
Аударымды ұлттық валютамен де, сондай-ақ шетел валютасымен де (АҚШ доллары және евро) жасауға болады. Банк қызметі үшін комиссия 0,5% құрайды, аударым төлемі үшін комиссия алынбайды. Сонымен қатар, Нурбанкте SWIFT, Western Union, CONTACT, ресейлік «Юнистрим» және «Золотая Корона» халықаралық төлем жүйелері арқылы қолма-қол ақша аударуға болады. Соңғы бес жылда банк бөлімшелерінің саны 55-тен 89-ға дейін өсті. Бүгінде банк бүкіл ірі қалаларда, сонымен қатар Қазақстанның шалғай аймақтарында ұсынылады.
«Арзанырақ аударым тарифтерінен тыс, біз клиенттерімізге CONTACT, Золотая Корона және Юнистрим жүйелері бойынша комиссиясыз екі валютада аударым жасау мүмкіндігін ұсынамыз. Аударымның валютасы төлемнен өзгеше болған жағдайда, халықаралық немесе ішкі аударым бойынша комиссия 0% болады. Осындай екі валюталы аударымдарды теңгемен, рубльмен, АҚШ долларымен және еуромен жіберуге болады. Мұндай аударымдар ерекшелігі – жіберушіден немесе алушыдан аударым үшін комиссия алынбайды. Аударымды жеткізу уақыты – нақты уақыт режимінде», - деді Нурбанк АО пресс-хатшысы Айгүл Касенова.
«Біз тұрақты түрде аударымдарға акциялар өткіземіз. Өткен айда өткен акцияда біз Iphone 8+-ты ұтысқа шығардық. Жеңімпаз Актобе қаласынан Сауле Есжанова болды. Қазіргі уақытта біз заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған «Пакет ұсыныстар» акциясын өткізіп жатырмыз. Акция аясында біз клиенттерге әртүрлі операцияларға 40% дейінгі дисконтпен бес қызмет пакетін таңдауды ұсынамыз», - деді Айгүл Касенова.
АТФБанктің «АТФ Быстрый» өнімін шот ашпай-ақ ақша аударымын жасау үшін қолдануға болады. Банк қызметінің комиссиясы аударым сомасының 0,8% құрайды. Ақша 15 минут ішінде тағайындалған мекен-жайға жетеді. Аударымды теңге немесе АҚШ долларымен жасауға болады. Максималды аударым сомасы 7 млн теңге немесе 20 мың доллар.
Екінші деңгейлі екі банк аударым сомасының 1% комиссиясын сақтайды. Цеснабанк «Скороход» экспресс-аударым жүйесін ұсынады, оның арқасында клиенттер банктің ішкі жүйесі бойынша шот ашпастан ақша аудара алады. Аударым 30 минутқа дейін жетеді. Банк ВТБ (Қазақстан) жылдам ақша аударымдары үшін ұқсас шарттар ұсынады. Мұнда қолма-қол ақшаны ұлттық валютада бірнеше минутта ел ішінде аударуға болады. Максималды жіберу лимиті – 10 млн теңге.
Банк ЦентрКредиттің BCC Express қызметі шот ашпастан, 5 млн теңгеге дейінгі соманы жіберуге мүмкіндік береді. Қызметтің комиссиясы аударым сомасының 1,5% құрайды. Бұл жағдайда аударымды алушы аударым жасалған қаладан басқа аймақтан ала алады.
Казкоммерцбанктің Faster жүйесі басқа өнімдерден ерекшеленеді. ККБ филиалдары арқылы Қазақстан бойынша және серіктестер - Intel Express пен Золотая Корона арқылы шет елдерге, соның ішінде ТМД, Азия және Еуропаға аударым жасауға болады. Қазақстан ішінде аударымның комиссиясы 2%, шетел валютасында комиссия мөлшері ел мен аударым сомасына байланысты анықталады.
Евразиялық Банктің «Экспресс–перевод» қызметі жеке тұлғалар арасында Қазақстан ішіндегі ақша аударым жүйесі. Мұнда клиенттер трансфер жіберілген қалаға қарамастан, бірнеше минут ішінде қолма-қол ақша ала алады. Аударым жіберушісі аударым сомасының 2% комиссиясын төлейді.
Народный банкте де экспресс-аударым жүйесі бар. Қызмет Қазақстан аумағында ұлттық валютада жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшаны 5-15 минут ішінде аудару мүмкіндігі бар, қызмет бойынша комиссия 3% құрайды.
Сбербанк арқылы Ресей мен Қазақстанға ақша аударуға болады. Ресейлік рубль, АҚШ доллары және евро валютасында «Колибри» жедел аударымы жүзеге асады. Қазақстан бойынша аударым сомасына шек жоқ, Ресейге 10 мың долларға дейін ақша жіберуге болады. Жіберуші 1% комиссия төлейді, ал аударым алушыдан тағы 1% ұсталуы мүмкін. Қажет болған жағдайда, төленбеген аударымды жіберуші тоқтата алады, бұл үшін 750 теңге төлеу қажет.