Балалар үйінің түлегі ірі банктен жұмыс тапқаны жайлы айтып берді

Балалар үйінің түлегі ірі банктен жұмыс тапқаны жайлы айтып берді

Internet-portal Nur.kz

Ерлан Жыланғозов кішкентай кезінде кәдімгі қазақстандық баланың өмірін сүрді — құрдастарымен асық ойнап, велосипед тепті, мектепке барды. Бала үшінші сыныпта оқып жүргенде үйінде оған түсініксіз бір жағдай болып, анасы, інісі мен сенімді достарынан айырылып қалды.

Ерлан балалар үйінде өмір сүре бастады. Қазір ол өмірінің бұл кезеңі жайлы ашылып айтқысы да, аша алмайды да. Неліктен тірі анасымен қара үйде қалғанын да, ол сұрақтарға қысқа жауап береді.

Алайда Ерлан балалар үйіндегі өмірі жайлы жаман ештеңе айта алмайды. Баланы ренжітпеді, басқа балалармен тез тіл табысып кетті. Әрине, анасының мейірімі болған жоқ, кейде қайтыс болған әкесі жайлы ойлар мазалайтын.

Мектептегі оқу өз арнасымен жүруде — Ерлан жақсы оқушы болды, уақыт өте келе мектеп президенті де болып алды! Әдетте, мұндай жоғары дәрежеге әркім жете бермейді, мектеп болса да. Ерлан президенттік міндеттерін орындап жүріп, мектепте тәртіпті қадағалап, оқушылар сабақтан қалмасын деп, кешікпесін деп бақылап жүрді.

Тоғызыншы сыныптан кейін Ерлан колледжге түсіп, "Қаржы" болашағынан үлкен мамандық алған. Оқуды ұнатты, бірақ Ерлан колледжден ары баруға жағдайы жоқ екенін білді — оқу ақысын төлейтін ақша жоқ, анасы да көмектесе алмады.
Айтпақшы, анасы Ерланмен қатынасын жақсартқан — жетінші сыныпта мұғалімі туған ауылына барып, анасының үйін табуды ұсынды. Бұл өте оңай болып шықты және анасы мен ұлының әсерлі кездесуі жаңа, дәлірек айтқанда, бала мен ата-ананың жаңартылған қатынастарына бастама берді.

"Бір күні, — деп еске алады Ерлан, — балалар үйінің директор орынбасары жоғары білімді тегін алу мүмкіндігі туралы айтты – бұл Nurbank-тің балалар үйлері үшін ұсынған "Өмірге жолдама" бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Мен тәуекел етіп, өтініш беріп, іріктеуден өтіп, құжаттарымды жинап, дәл осы "Қаржы" мамандығы бойынша Каспий университетіне түстім.

Түрлі жағдайлар болды, дейді Ерлан. Қиын кездер болды, барлығын тастап кеткің келді, өйткені қолымда колледж дипломы бар еді. Уақыт өте бейімделіп, ерекше қиындықсыз сабақтарын жалғастырды. Жаз басында Ерлан бакалавр дәрежесін алды және бірден банкке жұмысқа орналасты.

"Кейде қиын болды. Бірақ бізге мұндай мүмкіндік берілді, оны пайдалану керек деп шештім. Әркім жақсы университетте тегін оқуға мүмкіндікке ие бола бермейді, кейін жұмысқа орналасады. Оқып жүргенде банкте практика, тағылымдамадан өттім. Қазір бөлшек бизнес департаментінде жұмыс істеймін. Анам мен үшін қуанады, әрине...", — дейді Ерлан.

Қазіргі таңда Ерлан жастар үйінде тұрады. Жақында Жаркенттен келген қызға үйленді — келіншегі, сол уақытта болашақ әйелі, балалар үйіне жұмыс істейтін туысына келіп жүретін еді. Осылай танысып кетті. Үш жыл кездесіп, қарым-қатынас құрған соң, үйленуге шешім қабылдады. Енді жас жұбайлар мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алуды күтіп жүр.

"Содан кейін балалар туралы ойлануға болады", — дейді Ерлан. Дегенмен, алыс болашаққа қарамайды — барлығы өз ретімен болсын.

02.11.2017