Нұрбанктың таза пайдасы 2016 жылы 75%-ға өсті

Нұрбанктың таза пайдасы 2016 жылы 75%-ға өсті

Kursiv.kz

Курсив.kz деловой порталы

2016 жылдың қорытындысы бойынша Нұрбанк негізгі қаржылық көрсеткіштердің оң динамикасын көрсетті, деп хабарлады Нұрбанк АҚ басқарма төрағасы Эльдар Сарсенов. Аудиттелген шоғырландырылған есептілік деректері бойынша Нұрбанктың таза пайдасы 2016 жылы 75%-ға өсті және 374,5 млн теңгені құрады, ал 2015 жылы банктің таза пайдасы 213,7 млн теңгені құраған болатын.

«Қаржы нарығындағы жағдайға қарамастан, Нұрбанк тұрақты және сенімді болып қала береді. Біз бүгін бизнес пен халық бізге сенім артып отырғанына қуаныштымыз, бұл өткен жылдың нәтижелерімен дәлелденді. Биыл біз дамуымызды, теңгерімді өсуімізді, жаңа қызметтер мен технологияларды енгізуді жалғастырамыз», - деді Нұрбанк басшысы Э. Сарсенов.

2016 жылғы Нұрбанк қызметінің негізгі нәтижелері:

- Банктің активтері 19%-ға өсіп, 381,4 млрд теңгені құрады, ал 2015 жылдың соңында 321,2 млрд теңге болған. Банктің активтерінің ең үлкен үлесін клиенттерге берілген несиелер құрайды, олардың үлесі активтердің 57,6%-ын құрайды. 2015 жылдың соңында несиелер үлесі 61,5% болған.

- Несиелер көлемі 11%-ға немесе 22,3 млрд теңгеге өсіп, 219,7 млрд теңгені құрады.

- Құнды қағаздар портфелі 53,1 млрд теңгені құрады, жыл ішінде 25%-ға немесе 10,7 млрд теңгеге өсті.

- Банктің міндеттемелері көлемі 21,1%-ға немесе 59,2 млрд теңгеге өсті. 2016 жылдың соңында банктің міндеттемелері 340,4 млрд теңгеден асты. Міндеттемелер құрылымында клиенттердің ағымдағы шоттар мен депозиттердегі қаражаттарының үлесі, үкімет пен банктердің шоттарынан басқа, 78,8%-ды құрады. 2016 жылы клиенттер қаражаттарының көлемі 62,7 млрд теңгеге немесе 30,5%-ға өсті.

- Пайыздық кірістер 18%-ға өсті, ал комиссиондық кірістер шамамен 2%-ға өсті.

«Динамикалық даму бізге бәсекелестік позициямызды және қаржылық профилімізді тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Өз кезегінде өнімдер бойынша тиімді шарттар банктің активтерін 19%-ға арттырып, салымдар ағымын 30,5%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті Э. Сарсенов.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың қаңтарында халықаралық рейтингілік агенттік Standard & Poor's Нұрбанктың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «B/B» деңгейінде растады. Standard & Poor's аналитиктері проблемалық несиелер көлемінің сәтті азаюын, сондай-ақ банктің оң даму қарқынын атап өтті.

2017 жылдың 1 маусымы жағдайына банктің Қазақстанда 16 филиалы және 85 банк қызмет көрсету орталығы бар. Сонымен қатар, Банкке банкоматтар, төлем және pos-терминалдар, сондай-ақ Nurbank24 интернет-банкингі сияқты дамыған балама сату желісі кіреді.

06.06.2017