Балалар үйінің түлектері «өмір жолдамасын» алды

Балалар үйінің түлектері «өмір жолдамасын» алды

Ақша Онлайн

Нұрбанктың «Өмір жолдамасы» әлеуметтік бағдарламасы бойынша 2015 жылы Каспий университетіне Қазақстанның балалар үйінің 17 түлегі қабылданды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Нұрбанктың қаражаты есебінен студенттердің оқуы, ай сайынғы стипендиясы, жол жүру билеттері, тамақтануы, сондай-ақ Алматы қаласындағы тұруы төленеді. Университет бітіргеннен кейін түлектер банктың өңірлік филиалдарында жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Өткен жылдан бастап бұл бағдарлама бойынша 10 бала студент атанып, қазіргі уақытта екінші курста білім алуда.

Егер 2014 жылы бағдарламаға Алматы қаласынан түлектер қатысса, биыл университетке үш облыстан — Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан — 17 адам қабылданды.

Бағдарлама студенттері арасында «экономика және қаржы», «психология» және «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары танымал. Бірақ геология және кен орындарын барлау, медбикелік іс, архитектура, мұнай-газ ісі, сондай-ақ құрылыс факультеттерінде білім алатын стипендиаттар да бар.

29.10.2015