«Нұрбанк» АҚ «Өмірге жолдама» әлеуметтік бағдарламасын қолдайды

«Нұрбанк» АҚ «Өмірге жолдама» әлеуметтік бағдарламасын қолдайды

Қазақстанның Бизнес журналы

«Нұрбанк» АҚ-тың «Өмірге жолдама» әлеуметтік бағдарламасы аясында 2015 жылы Қазақстан Республикасының балалар үйінің 17 түлегі Каспий университетіне түсті.

Бағдарлама арқасында 2014 жылы Алматы қаласының балалар үйлерінің 10 түлегі университетке қабылданды. Қазіргі уақытта олар 2-курстың студенттері болып табылады. Осылайша, қазіргі уақытта университетте 27 балалар үйі түлегі оқиды.

Бағдарлама шеңберінде банк оқу ақысын, ай сайынғы стипендияларды, көлік билеттерін, тамақтануды және Алматы қаласында тұру шығындарын өз мойнына алды. Сондай-ақ, бағдарламаның студенттері кейіннен банктың көптеген аймақтық бөлімшелерінде жұмысқа орналаса алады.

Өзінің бар болу уақытында банк мыңнан астам қайырымдылық бағдарламаларын, сондай-ақ республикалық деңгейдегі ірі жобаларды жүзеге асырған, олар қоғамға оң нәтижелерін беруде:

  1. «Үйге жол» — бағдарлама 2008 жылы «КТК» телеарнасымен бірлесіп іске қосылған. Бағдарлама жетім балаларға арналған. Басты міндет — оларға жаңа отбасы табуға көмектесу. Біздің жобамыз 300-ден астам балаға қамқорлық ететін ата-аналар табуға көмектесті.
  2. «Жылу беру уақыты» — жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға арналған банктің жыл сайынғы акциясы. Акция шеңберінде банктың топ-менеджерлері және қызметкерлері балалар үйлеріне арналған іс-шараларға жеке қатысады.

Анықтама:

«Нұрбанк» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының қаржы нарығында 23 жыл бойы сәтті жұмыс істеп, толық кешенді банк қызметтерін ұсынады.

«Нұрбанк» АҚ Қазақстанның ең ірі қаржы топтарының бірі «JP Finance Group»-тың құрамына кіреді. «JP Finance Group» қаржы құралдары мен қызметтердің толық жиынтығын ұсынатын әмбебап аймақтық қаржы тобы: банк қызметтері, сақтандыру, активтерді басқару, лизинг, брокерлік-дилерлік және басқа қызметтер. JP Finance Group клиенттердің қаражатын тиімді инвестициялауға, сақтауға және көбейтуге көмектеседі.

29.10.2015