Қазақстанның 10 қаласында Нұрбанктің коммуналдық қызметкерлерді қолдауға арналған кезекті әлеуметтік акциясы басталды
Қазақстанның 10 қаласында Нұрбанктің коммуналдық қызметкерлерді қолдауға арналған кезекті әлеуметтік акциясы басталды

Қазақстанның 10 қаласында Нұрбанктің коммуналдық қызметкерлерді қолдауға арналған кезекті әлеуметтік акциясы басталды

Қыста коммуналдық қызмет қызметкерлерінің жұмыс көлемі айтарлықтай артады. Қар мен аязға қарамастан мыңдаған коммуналдық қызметкерлер қаланы түнде жауған қар мен көктайғақтан тазарту үшін таңертеңнен бастап жұмысқа кіріседі. Олардың қажырлы еңбегін қолдау және мойындау белгісі ретінде «Нұрбанк» АҚ жетінші жыл қатарынан «Жылулық сыйлаймыз» акциясын өткізіп келеді.

 

Қыстың қақаған аязды күндерінде коммуналдық қызметшілер тәулігіне 24 сағатқа жуық қар басқан көшелерді, тротуарларды, жолдарды, тас жолдарды тазалаумен айналысады. Солардың тынымсыз еңбегінің арқасында еліміздің түкпір-түкпірінде оқушылар мен ересектер мектепке және жұмысқа кедергісіз қатынап, қалың қар мен боран қоғамдық көлік пен жалпы қалалардың тыныс-тіршілігін тоқтатпайды. Нұрбанктің «Жылулық сыйлаймыз» әлеуметтік бастамасы аясында кофе көліктері еліміздің қалаларының көшелерімен жүріп, коммуналдық қызметкерлерді ыстық сусындар мен жаңа пісірілген тағамдармен азықтандырады.

 

Қыстың аязды күндерінде біраз жылулық, ілтипат пен қамқорлық сыйлайтын Нұрбанктің ашық-сары кофе таситын көліктерін коммуналдық қызметкерлер құшақ жая қарсы алады. Сыртта ұзақ уақыт жұмыс істегеннен кейін, бір стақан хош иісті шай мен дәмді тағамдар жұмысшыларға демалуға және жылынуға көмектесетін тамаша әдіс.

 

Алматы қаласының тумасы Ринат Әміров үшін оның коммуналдық қызметтегі жұмысы жай ғана жұмыс емес, сүйікті қаласының тазалығы мен тәртібін, қала тұрғындарының қауіпсіздігін сақтауға қосқан жеке үлесі. Сондықтан да ол өз ісіне ерекше ілтипатпен, жауапкершілікпен қарайды.

 

«Мен алты айға жуық аумақты тазалаушы болып жұмыс істеймін. Жалпы, бұл күрделі мәселе емес. Мен 20 жыл дәнекерлеуші болып жұмыс істедім, сондықтан қол еңбегінен қорықпаймын. Бізде тату және көңілді ұжымда еңбек етеміз, барлық қиындықтарды бірге және әзілдесе жүріп жеңеміз. Дегенмен де өткен аптада Алматыда болған аязды күндер біз үшін оңай болған жоқ. Осындай суық ауа-райында Нұрбанк ұжымының бізбен бірге болып, ыстық шаймен және кофемен қолдау көрсеткені өте жақсы болды», - дейді Ринат Әміров.

 

«Жылулық сыйлаймыз» акциясы 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Акция басталғалы бері оның мақсаты өзгеріссіз қалды – коммуналдық қызметкерлерге жиі елеусіз қалатын жұмыстары үшін алғыс білдіру, сондай-ақ қаладағы қиын, бірақ жайлы өмір сүруге бағытталған әрекеттерге қала тұрғындарының назарын аудару.

 

«Көп жылдар бойы қайырымдылық қызметі біздің банктің корпоративтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып келеді. Біздің әлеуметтік саясатымыз көп қырлы және нақты жандарды қолдауға бағытталған. «Жылулық сыйлаймыз» акциясы аясында біз коммуналдық қызметкерлердің жұмысына назар аударып, оларға қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіргіміз келеді. Биыл акция 7 жылдығын атап өтті. Біздің бастамаға қызметкерлер ғана емес, қала тұрғындарының да ат салысып жатқанына қуаныштымын. Біз шет қалмай, осы іске қатысқандар мен оған қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс айтамыз», - деп атап өтті «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрайымы Гульнара Мусатаева.

 

Биылғы жылы «Жылулық сыйлаймыз» Қазақстанның Астана, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Орал, Қарағанды, Петропавл, Өскемен, Павлодар және Көкшетау сияқты 10 қаласында өтуде. Акция ақпан айының соңына дейін жалғасады. Осы сәтті пайдалана отырып, Нұрбанк барлық мүдделі азаматтарды мүмкіндігінше көшелерімізде еңбек етіп жүрген нағыз қаһармандарға жылы сөзбен алғыс айта отырып, осы маңызды шараның бір бөлігі болуға шақырады.

 

Дереккөз: https://kaz.nur.kz/society/2217593-qazaqstannyng-10-qalasynda-nurbankting-kommunaldyq-qyzmetkerlerdi-qoldauga-arnalgan-kezekti-aleumettik-aktsiiasy-bastaldy/

04.02.2025