Бүгінде Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі жай ғана тұрақты тренд емес, экономикалық өсу мен әлеуметтік тұрақтылықтың басты факторларының біріне айналған. 2025 жылғы желтоқсандағы ресми статистикаға сай, елімізде шағын және орта бизнес басшылары ретінде 1 миллионнан астам әйел тіркелген, бұл ШОБ субъектілерінің жалпы санының 48,1 пайызына тең. Бұл көрсеткіштер әйелдер Қазақстандағы кәсіпкерлік ортаның дамуында жүйе құраушы рөл атқаратынын айқын көрсетеді, деп хабарлайды Нұрбанк.
Әйелдер бизнесінің біршама бөлігі сауда, оның ішінде онлайн-форматтағы сауда мен маркетплейстерді, тұрмыстық және білім беру сервистерінен бастап, медициналық сервистерге дейінгі қызмет көрсету салаларын, сұлулық индустриясын, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік пен креативті бағыттарды қамтып отыр. Дәл осы салалар ішкі сұраныстың айтарлықтай бөлігін қалыптастырады, жұмыс орындарын ашып, өңірлердің тұрақты дамуына септігін тигізеді.
Әйелдер кәсіпкерлігінің стратегиялық маңызын түсіне отырып, Нұрбанк біртіндеп кәсіпкер әйелдердің қаржы құралдарына қолжетімділігін арттыруға және бизнесті жүргізудің анағұрлым икемді әрі тиімді шарттарын жасауға бағытталған бастамаларды жүзеге асырып келеді.
Кәсіпкер әйелдерге ұсынылған мөлшерлемесі жоғары салымдар
2026 жылғы 1 мамырға дейін Нұрбанк әйел кәсіпкерлерге арнап заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың жаңадан ашатын, 12 айға дейінгі мерзімдегі салымдары үшін жекелеген депозиттер бойынша берілетін сыйақы мөлшерлемесіне қосымша 2% мөлшерлеме ұсынады. Бұл шара бос қаражатты уақытша сала тұруға ғана емес, сондай-ақ өзгеріп жатқан экономикалық кезеңде аса маңызды фактор саналатын қаржы қауіпсіздігі жастығын жасап алуға мүмкіндік береді.
"Бизнес Ханым" бағдарламасы: бизнесті дамыту үшін қолжетімді қаржыландыру
Нұрбанк өнімдерінің желісінде "Бизнес Ханым" несиелеу бағдарламасы айрықша орын алады. Бұл әйелдер кәсіпкерлігінің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалған бағдарлама.
Бағдарлама қазір бизнеспен айналысып жүрген кәсіпкер әйелдерге бағытталған және айналымдағы қаражатты толықтыруды, инвестициялық мақсаттарды қаржыландыруды және қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыруды ұсынады. Басты артықшылығы — тартымды сыйақы мөлшерлемесі.
"БИЗНЕС ХАНЫМ" бағдарламасының басты шарттары
Бағдарламаға қатысушылар:
Микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері.
Қарыз сомасы:
100 млн теңгеге дейін.
Қамсыздандыру:
50%-дан кем емес — жылжымайтын мүлік;
50%-дан кем емес — жылжымалы мүлік;
Жинақ шотына салынған ақшаны кепілге қою;
Кепіл жеткіліксіз болған жағдайда "Даму" Қорының кепілдемесі:
Клиенттерді сегменттеу:
Бағдарлама жеке кәсіпкер ретінде тіркелген немесе заңды тұлға түрінде жұмыс істейтін кәсіпкер әйелдерге мына шарттар сақталған жағдайда ұсынылады:
ЖШС жарғы капиталында әйелдер үлесі 51%-дан кем болмауға тиіс;
АҚ дауыс беретін акцияларының кемінде 51%-ы әйелге (әйелдерге) тиесілі болуы керек;
Әйел заңды тұлғаның бірінші басшысы лауазымын кемінде бір жыл атқаруға тиіс.
Бағдарлама ерекшеліктері:
Қамтамасыз ету бойынша төмендетілген талаптар;
Төмендетілген сыйақы мөлшерлемесі;
Бизнестің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған икемді шарттар
"Бизнес Ханым" бағдарламасы Нұрбанктің экономиканың тұрақты, әлеуметтік маңызы бар және перспективті сегменті саналатын әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға деген стратегиялық көзқарасын көрсетеді. Бизнестегі әйелдерді қолдау – бұл жекелеген жобаларға салынған инвестиция ғана емес, сондай-ақ еліміздің тұрақты экономикалық дамуына қосқан үлесі.
Нұрбанк бизнестің шынайы қажеттіліктерін есепке алатын және оның дамуына көмектесетін қаржы шешімдерін ұсыну арқылы кәсіпкерлерге арналған мүмкіндіктер аясын кеңейтуді жалғастырып жатыр.
"Әйелдер кәсіпкерлігі – статистика көрсеткіштері ғана емес. Бұл жаңа іс бастаудағы батылдық, команда мен отбасы алдындағы жауапкершілік, күрделі жағдайларда жол таба алу қабілеті. Бүгінде әйелдер елдегі шағын және орта бизнестің жартысына жуығын алып отыр және мұндағы әр санның артында әр әйелдің жүріп өткен жолы, қайраты мен өз ісіне деген сенімі жатыр.
Нұрбанк өкілдері бизнестегі әйелдерді қолдау – Қазақстан экономикасының болашағы тұрақты болуы үшін жасалған инвестиция екеніне кәміл сенеді.
Дәл сол себепті біз кәсіпкер әйелдерге сенім, еркіндік пен өсуге мүмкіндік беретін қаржы шешімдерін жасап жатырмыз. "Бизнес Ханым" бағдарламасы аясында салымдар бойынша мөлшерлемесі жоғары, ал несиелеу мөлшерлемесі төмен бағдарламалар – негізін әйелдер қалаған мықты, бәсекеге қабілетті және тұрақты бизнесті дамытуға қосқан үлесіміз", — дейді Нұрбанк басқарма төрайымы Гүлнар Мұсатаева.