Ашық тендер

Ашық тендер

07.10.2024

Құрметті ханымдар мен мырзалар! «Нурбанк» АҚ PCI DSS стандартының талаптарына сәйкестікті жыл сайын сертификаттау аудитін өткізу қызметтерін сатып алу жөнінде ашық тендер өткізілетінін жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді 2024 жылғы 17 қазанда өтетін ашық тендерге қатысуға шақырады. Орын: Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», 310 бөлме.

Құжаттарды жинау мерзімі: 16.10.2024 ж., 12:00-ге дейін, мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», канцелярия, 204 бөлме.

Тендерге заңды тұлғалар (қызметтерді жеткізушілер) қатыса алады, олар тендерді өткізу кезінде Қосымша №4-те көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Техникалық сипаттамалар мен бағдарламалық өнімдердің сипаттамалары Қосымша №5-те берілген.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

- Жоғарыдағы талаптарға әлеуетті жеткізушінің сәйкестігі;

- Тендерлік өтінімнің тендер құжаттамасының техникалық сипаттамаларына сәйкестігі;

- Ұсынылған баға;

- Төлем шарттары.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:

1 Пакет: Заңды құжаттама

1) Тендерге қатысу өтінімі;

2) Нотариус куәландырған құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәлігінің (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу туралы куәлік) көшірмелері;

3) Лицензиялардың көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқасы) егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялауға жататын болса);

4) Жеткізушінің өкілі - уәкілетті тұлғаның жеке куәлігінің нотариус куәландырған көшірмесі;

5) Тендерге қатысу үшін өкілетті тұлғаға берілген жеткізушінің сенімхаты.

2 Пакет: Қаржы құжаттама

1) Баға ұсыныстары;

2) Қатысушының банктік реквизиттерін растайтын, банк алдында қарызы жоқ екенін куәландыратын банктен алынған анықтаманың түпнұсқасы;

3) Бір жылға заңды тұлғалар үшін қаржылық есептілік көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары мөрімен бекітілген (егер мөр бар болса);

4) Жеткізушінің салықтарды төлеу бойынша қарызының жоқтығы туралы тіркеу орны бойынша салық комитетінен алынған анықтаманың түпнұсқасы;

5) Материалды-техникалық база туралы мәліметтер.

3 Пакет: Өзге құжаттама

1) Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімді дайындау мен беруіне байланысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия бұл шығындар үшін жауапкер болмайды, тендердің өткізілуі мен нәтижелерінің қандай болуына қарамастан.

Біздің тарапымыздан ерекшелік - Банкінің тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қараудан, бағалаудан және салыстырудан ресми қатыспайтын әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе басқа адамдарға бұл туралы ақпаратты жария етпеуге құқылы.

«Нурбанк» АҚ тендерді өткізу мерзімін кейінге қалдыру немесе тоқтата тұруға, тендерлік өтінімдерін ұсынған әлеуетті жеткізушілерді жазбаша түрде хабардар ете отырып, қайтаруға және тендерді кейінге қалдыру туралы жаңа күнді көрсету құқығына ие.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді беру мерзімінің аяқталуына дейін өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер уәкілетті тұлғаның қатысуымен немесе онсыз өткізіліп, уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса өтеді.

Байланысты тұлғалар: Яушев Руслан Галиевич

Тел.+7 (727) 250 00 00 ішкі 4643

ryaushev@nurbank.kz