Ашық тендер

Ашық тендер

24.09.2024

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ Антифрод жүйесін сатып алу бойынша ашық тендер өткізетіндігін жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді 2024 жылдың 3 қазанында «Нұрбанк» АҚ ғимаратында, мына мекенжай бойынша: Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», 310 кабинетте өтетін ашық тендерге қатысуға шақырады.

Құжаттарды жинау: 2024 жылғы 2 қазан күні сағат 12:00-ге дейін, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», кеңсе, 204 кабинет
Тендерге қатысуға заңды тұлғалар (қызмет жеткізушілер) мүмкiндiгi бар, олар тендер өткiзiлетiн кезде төмендегi талаптарға сәйкес келуi керек:

  • қызметтерді көрсету туралы келісімшартқа сәйкес міндеттемелерді орындау үшін кәсіби біліктілікке және жұмыс тәжірибесіне ие болу, қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу;
  • «Нұрбанк» АҚ-мен бұрын жасалған келісімшарттар бойынша талаптары болмау;
  • төлем қабілеттілігі бар, таратылуға жатпайтын, мүлкіне арест салынбаған, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте тоқтатылмаған болу керек;
  • тендерге қатысу үшін өтініш берген уақытта және қызмет көрсету келісіміне қол қою кезінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеу бойынша міндеттемелерді орындау;
  • Антифрод жүйесін жеткізу және Қазақстан Республикасының аумағында техникалық қолдау құқығын дистрибьютордан құжатпен растау.

Техникалық ерекшеліктер және бағдарламалық өнімдердің сипаттамалары №1 Қосымшада көрсетілген.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критериялары:

  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі;
  • тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттаманың техникалық ерекшеліктеріне сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • жеткізу мерзімдері.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:
1 пакет: Заңдық құжаттама
1) тендерге қатысу өтінімі;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелуі/қайта тіркелуі туралы куәліктің көшірмелері (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша салықтық тіркеуге қою туралы куәлік);
3) мемлекеттен лицензиялық қызметті жүргізуге арналған лицензия көшірмелері (растауға арналған түпнұсқасы) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялауға жатса);
4) жеткізушінің өкілі - өкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) өкілетті тұлғаға тендерге қатысуға арналған жеткізушінің өкілеттігі.

2 пакет: Қаржы құжаттамасы
1) баға ұсынысы;
2) үміткердің банк реквизиттерін, банктің алдындағы мерзімі өтілген берешектердің жоқтығын растайтын қызмет көрсетуші банктан алынған анықтаманың түпнұсқасы;
3) заңды тұлғалар үшін бір жылға қаржылық есептіліктің мөрмен расталған көшірмелері, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөрмен расталған болса;
4) жеткізушінің тіркеу жеріндегі Салық комитетінен салықтарды төлеу бойынша қарыздардың жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
5) материалдық-техникалық базаның бар болуы туралы мәліметтер;
6) келісімшарт бойынша жеткізу кезінде өзара есеп айырысуды «Нұрбанк» АҚ-дағы банктік есепшот арқылы жүзеге асыруға келісімнің расталуы.

3 пакет: Басқа құжаттама
1) техникалық ерекшеліктер, жеткізу шарттары, мерзімдері.
2) Әлеуетті жеткізушілер үшін өндіруші компаниялардан авторизациялық хаттың болуы:

  • Антифрод жүйесінің тарату және кепілдік қызмет көрсету, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету/техникалық қолдау көрсету құқығын растайтын құжаттармен, Қазақстан Республикасы аумағында.


3) Жеткізілетін бағдарламалық қамтамасыз етуді кепілдік қызмет көрсете алатын орталық немесе сервис-серіктестің Алматы қ., болуы. (атауын, мекенжайын, байланыс мәліметтерін көрсететін ақпарат ұсыну).
4) Әлеуетті жеткізушінің нарықта жұмыс істеу мерзімі кемінде 2 жыл.
5) Жеткізу тапсырма алу орны бойынша толық көлемде және бір жолғы болуы керек.
6) Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімді дайындауға және ұсынуға кететін шығындарын өзі көтереді, ал Банк және тендерлік комиссия бұл шығындар үшін жауап бермейді, және осы шығындардың сипатына және тендердің нәтижелеріне қарамастан міндетті емес.

 

Өз тарапымыздан, Банктің тендерлік комиссиясы потенциалды жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын кез-келген тұлғаға тендерлік өтінімдерді қарастыру, бағалау және салыстыруға қатысты ақпаратты ашу құқығынсыз екенін атап өтеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендерді өткізу туралы шешімді жою немесе кейінге қалдыру құқығы бар, және тендерлік өтінімдер ұсынған әлеуетті жеткізушілерді тендерді жою немесе кейінге қалдыру туралы жаңа күнді көрсете отырып, жазбаша хабарландырумен хабардар етеді.
Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімін тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі келгенге дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті қызмет жеткізушісінің өкілетті тұлғасының қатысуымен немесе онсыз өткізіледі, егер өкілетті тұлға тендерге қатыспаса.

Байланыс тұлғалары:
Муслимхан Аканұлы Бексултанов
Теl.+7 (727) 250 00 00 ішкі 5067
mbexultanov@nurbank.kz