Ашық тендер

Ашық тендер

19.08.2024

Нұрбанк АҚ негізгі және резервтік деректер орталығына сервер жабдықтарын сатып алу бойынша ашық тендер жариялайды.

Тендер түрі: ашық

Тендердің басталуы: 29.08.2024ж. 14:30 сағ., мекен-жайы: Абая даңғылы 10В, 3 қабат, 310 үлкен конференц-зал;

Сауда-саттықтың аяқталуы: 18:00 сағ.;

Пакеттерді және ұсыныстарды жинау 27.08.2024ж. сағат 12:00-ге дейін (қоса алғанда). мекен-жайы: Абая даңғылы 10В, 204 кеңсе.

Тендерге әлеуетті жеткізушілер жіберіледі, олар мына талаптарға сәйкес келеді:

- Қосымша № 4 Жеткізушілерге қойылатын талаптар.

Техникалық сипаттама келтірілген:

- Қосымша №1 техникалық сипаттама.

 

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

- әлеуетті жеткізушінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігі;

- тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттамадағы техникалық сипаттамаларға сәйкестігі;

- ұсынылатыын баға;

- төлем шарттары;

- жабдықты жеткізу мерзімі.

 

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттері ұсынылуы қажет:

1 пакет: Заңды құжаттама

1) тендерге қатысу туралы өтінім;

2) құрылтай құжаттарының көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша есепке қою куәлігі);

3) мемлекет лицензиялауға жататын тиісті тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет жүргізуге лицензияның көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалар);

4) сенімді тұлғаның — жеткізушінің өкілінің жеке құжатының көшірмесі;

5) жеткізушінің сенімді тұлғаға Тендерге қатысуға сенімхаты;.

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) 12 айдан кем емес арналған баға ұсынысы;

2) қызмет көрсетуші банктен банктік деректемелердің, өтініш берушінің банкке берешегі жоқтығын растайтын анықтама түпнұсқасы;

3) заңды тұлғаларға арналған бір жылға қаржылық есеп беру көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен расталған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөрдің болуы кезінде басылған;

4) тіркелген жердегі Салық комитетінің жеткізушінің салық төлемдері бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтамасының түпнұсқасы;

5) материалдық-техникалық базаның бар болуы туралы мәліметтер;

6) жеткізу келісімшарт бойынша өзара есеп айырысуларды Нұрбанк АҚ-ның банктік шотымен жүзеге асыратын келісім.

3 пакет: Басқа құжаттама

1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімдері;

2) Алматы қаласында өзіңдік сервистік орталықтың болуы, немесе қызмет көрсету бойынша қолдау және өндіруші компанияның авторизацияланған сервистік серіктесінің ресми өкілеттігін растайтын құжаттар;

3) Псотенциальды жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және ұсынуға байланысты барлық шығынды өз күшімен көтереді, ал Банк және тендерлік комиссия аталған шығынға жауап бермейді және ол бойынша ешбір міндет жүктемейді, тендердің табиғаты мен нәтижесіне қарамастан.

 

Өз тарапымыздан атап өтеміз, Банк тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруға қатысы бар ақпаратты әлеуетті жеткізушілерге немесе аталған өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға ресми қатысы барлардан басқа тұлғаларға ашуға міндетті емес.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдердің соңғы тапсырыс мерзіміне дейін өзінің өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер қызмет жеткізушінің әлеуетті өкілінің қатысуымен немесе ондай өкілсіз болады, егер өкіл тендерге қатыспаса.

 

Байланыс тұлғалары:

Техникалық тапсырмаға сәйкес құжаттама пакетін қалыптастыру бойынша сұрақтар үшін Кальсин Виталий Игоревич

Тел. +7(727)2 500 000 ішкі 4406, vkalsin@nurbank.kz