Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ компьютерлік жабдықтарды және телефондарды сатып алу бойынша ашық тендер өткізілетінін хабарлайды.
Тендер түрі: ашық
Тендердің басталуы: 2024 жыл 15 тамыз, сағат 14:30, мекенжайы: Абай даңғылы 10В, 3 қабат, 310 үлкен конференц-зал;
Сауда-саттық аяқталуы: сағат 16:30;
Құжаттар мен ұсыныстар қабылдау 14.08.2024 жыл, сағат 12:00 дейін (қоса алғанда) мекенжайы: Абай даңғылы 10В, 204 кабинет, канцелярия.
Тендерге критерийлерге сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер рұқсат етіледі:
- Қосымша №4 Жабдықтаушыларға қойылатын талаптар.
Техникалық спецификация келтірілген:
- Қосымша №1 техникалық спецификация.
Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:
- жоғарыда аталған талаптарға әлеуетті жеткізушінің сәйкестігі;
- тендерлік өтінімнің техникалық ерекшеліктерге сәйкес келуі;
- ұсынылған баға;
- төлем шарттары;
- жабдықты жеткізу мерзімдері.
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:
1 пакет: Заңды құжаттама
1) тендерге қатысу өтініші;
2) заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының көшірмелері, тіркеу/қайта тіркеу куәлігі (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есепке қою туралы куәлік);
3) белгілі бір лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия көшірмесі (түпнұсқа тексеру үшін) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялануға жататын болса);
4) жеткізушінің өкілінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
5) тендерге қатысуға сенімхат берілген өкілге жеткізушінің сенімхаты.
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) кемінде 12 айға арналған баға ұсынысы;
2) банктік есеп деректемелерін растайтын қызмет көрсететін банктен анықтама түпнұсқасы, талапкердің банк алдындағы мерзімі өткен қарызының жоқтығын растайтын анықтама;
3) заңды тұлғалар үшін бір жылға қаржылық есептілігінің көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен расталған, жеке кәсіпкерлерге арналған салық декларациялары, қолында мөрі бар болса, мөрімен расталған;
4) жеткізушінің тіркелген жеріндегі Салық комитетінің салық төлеу бойынша қарызы жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасы;
5) материалдық-техникалық базаның болуы туралы мәліметтер;
6) жеткізу бойынша Келісімшарт талаптары шеңберінде банк есепшоты арқылы есеп айырысуды жүзеге асыруға келісімнің расталуы.
3 пакет: Басқа құжаттама
1) техникалық спецификациялар, жеткізу шарттары, мерзімдері;
2) Алматы қаласында өз сервис орталығының болуы, немесе сервистік қолдау көрсету және өндіруші компанияның ресми уәкілетті сервис серіктесі ретіндегі құзыреттіліктерін растайтын құжаттар;
3) әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді дайындауға және беруге қатысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк және тендерлік комиссия бұл шығындар үшін жауап бермейді және міндеттемелер көтермейді, тендер жүргізу мен оның нәтижелерінің сипатына қарамастан.
Өз тарапымыздан, Банк Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруға қатысты ақпаратты қызмет көрсету әлеуетті жеткізушілеріне немесе тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстырудың ресми қатысушысы болып табылмайтын кез келген басқа тұлғаға ашуға құқылы емес екенін атап өтеміз.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді ресми ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті қызмет жеткізушінің өкілетті өкілінің қатысуымен өткізіледі немесе мұндай өкілетті өкіл тендерге қатыспаса, онсыз.
Байланыс тұлғалары:
Құжаттардың техникалық тапсырмасы бойынша пакет қалыптастыру сұрақтары бойынша хабарласу, Оспанбаев Сабит
Тел. 8(7272) 500 000, қосымша 4000, Sospanbayev@nurbank.kz