Ашық тендер

Ашық тендер

27.02.2024

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нурбанк» АҚ провизияларды есептеу процесін автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу бойынша ашық тендер өткізу туралы жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді 2024 жылғы 29 ақпанда «Нурбанк» АҚ ғимаратында болуға шақырады, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», 310 кабинет.

 

Құжаттарды жинау мерзімі: 28.02.2024 сағат 12:00-ге дейін, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», кеңсе және құжаттар басқармасы, 204 кабинет.

 

Тендерге қатысуға құқығы бар заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізушілер), тендер өткізу сәтінде келесі талаптарға сәйкес болу қажет:

- кәсіби біліктілікке және жұмыс тәжірибесіне ие, келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу;

- бұрын жасалған келісімдер бойынша «Нурбанк» АҚ тарапынан үміткер еместігі;

- төлем қабілеттілігі бар, жоюға жатпайды, мүлкіне тыйым салынбаған, және экономикалық қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмағаны;

- тендерге қатысуға өтінім берген сәтте және қызмет көрсету келісімшартын жасасу кезінде салықтарды және басқа міндетті төлемдерді төлеу міндеттемелерін орындауы тиіс.

Бағдарламалық өнімдердің техникалық спецификациялары және сипаттамалары Қосымша №5-те берілген.

 

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

- әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі;

- тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттаманың техникалық сипаттамаларына сәйкестігі;

- ұсынылған баға;

- төлем шарттары;

- лицензияларды жеткізу мерзімі.

 

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

- әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі;

- тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттаманың техникалық сипаттамаларына сәйкестігі;

- ұсынылған баға;

- төлем шарттары;

лицензияларды жеткізу мерзімі.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:

1 пакет: Заңдық құжаттар

1) тендерге қатысу өтінімі;

2) құрылтайшылық құжаттардың көшірмелері, заңды тұлғаның тіркеу/қайта тіркеу куәлігі (жарғы, қосымша құн салығына есепке қою куәлігі);

3) мемлекет лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін) (сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялауға жататын болса);

4) жеткізушінің өкілі - уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жеткізушінің уәкілетті тұлғаға тендерге қатысуға берген сенімхаты.

2 пакет: Қаржылық құжаттар

1) бағаланған ұсыныстар (1,3 жыл);

2) банктік деректемелерін растайтын қызмет көрсетуші банктен алынған түпнұсқа анықтама, банк алдында үміткердің мерзімі өтіп кеткен қарызының жоқтығын растайтын құжат;

3) заңды тұлғалар үшін бір жылдық қаржылық есептіліктің көшірмелері, мөрі бар салық декларациялары жеке кәсіпкерлер үшін, мөрі болған жағдайда;

4) жеткізушінің салық төлеу бойынша қарыздың жоқтығы туралы тіркеу орнының Салық комитеті берген түпнұсқа анықтама;

5) материалдық-техникалық базаның бар екендігі туралы мәліметтер;

6) келісімшарт бойынша жеткізу кезінде «Нурбанк» АҚ банктік шоты арқылы есеп айырысуға келісімнің растамасы.

3 пакет: Басқа құжаттар

1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімдері;

2) нарықта әлеуетті жеткізушінің жұмыс уақыты кем дегенде 2 жыл; 3) әлеуетті Жеткізуші өз тендерлік өтінімін дайындау және ұсынуға байланысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк және тендерлік комиссия бұл шығындар бойынша ешқандай міндеттеме және жауапкершілік алмайды, тендердің өткізілу тәртібі мен нәтижелеріне қарамастан.

 

Өз тарапымыздан айта кету керек, Банк тендерлік комиссиясы әлеуетті қызмет жеткізушілеріне немесе тендерлік өтінімдерді қарастырмайтын, бағаламайтын және салыстырмайтын басқа бір тұлғаларға қатысты ақпаратты жария етпеуге құқығы бар.

«Нурбанк» АҚ әлеуетті жеткізушілерге жазбаша хабарлама жіберу арқылы тендерді өткізу мерзімін тоқтату немесе кейінге қалдыру құқығын өзіне қалдырады, тіпті тендердің болдырмауы немесе жаңа күнді белгілеуі мүмкін.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгерту немесе кері қайтару құқығына ие.

Тендер әлеуетті қызмет жеткізушілердің уәкілетті тұлғалардың қатысуымен немесе онсыз өткізілуі мүмкін, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспауды таңдаса.

 

Байланыс тұлғалары:

Үдербаев Алмат Танабаев

Тел.+7 (727) 250 00 00 ішкі. 5690

Моб. +7 701 720 34 34

auderbaev@nurbank.kz