Ашық тендер

Ашық тендер

08.02.2024

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нурбанк» АҚ провизияларды есептеуді автоматтандыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу бойынша ашық тендер өткізетінін хабарлайды және әлеуетті жеткізушілерді 2024 жылғы 22 ақпанда Алматы қ., Абай д-лы, 10 «В», 310-бөлмеде өтетін ашық тендерге қатысуға шақырады.

 

Құжаттарды жинау мерзімі: 21.02.2024, 12:00, мекенжайы: Алматы қ., Абай д-лы, 10 «В», кеңсе, 204-бөлме

 

Тендерге қатысуға келесі талаптарға сай келетін заңды тұлғалар (қызмет көрсету бойынша әлеуетті жеткізушілер) қатыса алады:

- кәсіби құзыреттілік пен жұмыс тәжірибесіне ие болу, қызмет көрсету келісімшартына сәйкес, міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржы, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу;

- бұрын жасалған келісімшарттар бойынша «Нурбанк» АҚ тарапынан талаптардың болмауы;

- төлем қабілетті болу, жойылуға жатпау, мүлікке арест қойылмауы, қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмаған болуы тиіс;

- салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерін тендерге қатысуға өтініш берген сәтте және қызмет көрсету келісімшарты жасалған сәтте орындау;

- провизияларды есептеу жүйесі ҚР стандартына сәйкес 100% қазақстандық мазмұндағы бағдарламалық өнім болуы тиіс, бұл жүйені сатып алу қазақстандық компанияларды қолдауды және IT-саласын дамытуды білдіреді.

Тендер құжаттамасындағы техникалық сипаттама мен бағдарламалық өнімдердің сипаттамасы Қосымша № 5-те берілген.

 

Тендерлік ұсыныстарды бағалау критерийлері:

- әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі;

- тендер құжаттамасының техникалық сипаттамаларына сәйкестігі;

- ұсынылған баға;

- төлем шарттары;

- лицензияларды жеткізу мерзімі.

 

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:

1 пакет: Заңды құжаттама

1) тендерге қатысуға өтінім;

2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, тіркеу/қайта тіркеу куәліктің (Жарғы, ҚҚС тіркеу есебі куәлігі) көшірмелері;

3) мемлекет лицензиялайтын қызметті атқаруға лицензияның көшірмелері (түпнұсқа салыстыру үшін) (егер сатып алынатын тауарларға/жұмыстарға/қызметтерге лицензия қажет болса);

4) жеткізушінің өкілі - уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 5) Тендерге қатысуға жеткізуші уәкілетті тұлғаға сенім хат.

 

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) баға ұсыныстары (1,3 жыл);

2) үміткердің банк мәліметтерін растайтын, банкке төлем мерзімін өткізіп алған қарызы жоқтығын растайтын қызмет көрсетуші банктен алынған түпнұсқа анықтама;

3) заңды тұлғалар үшін бір жылға арналған қаржылық есептердің көшірмелері, мөрмен расталған, жеке кәсіпкерлер үшін бар болса, салық декларациялары, мөрмен расталған;

4) жеткізушінің тіркелген жерінің Салық комитетінен алынған салық төлеу бойынша қарыздың жоқтығы туралы түпнұсқа анықтама;

5) материалдық-техникалық базаның бар екендігі туралы мәліметтер;

6) жеткізу бойынша есеп айырысулар</span><span data-mce-fragment="1"> &laquo;Нурбанк&raquo; АҚ арқылы банк шоты арқылы жүзеге асырылатынына келісімнің расталуы.</span></p>

 

3 пакет: Басқа құжаттама

1) техникалық спецификациялар, жеткізу шарттары, мерзімдері.

2) әлеуетті жеткізушінің нарықта кемінде 2 жыл жұмыс істеу мерзімі.

3) әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімді дайындау және тапсыру шығындарын өздері көтереді, ал Банк және тендер комиссиясы бұл шығындар үшін жауап бермейді және тендер өткізуді және оның нәтижелерін қарастырмастан жауап бермейді.

 

Банктың тендер комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыру, бағалау және салыстыру бойынша ақпараттарды қызмет көрсететін әлеуетті жеткізушілерге немесе осы өтінімдерді қарастырудан, бағалаудан және салыстырудан ресми түрде қатыспаушыларға ашпауға құқығы бар екенін ескертеміз.

Nurbank АҚ тендердің өткізілуін, тоқтатуды немесе кейінге қалдыруды, оның өткізілетін жаңа уақытын көрсете отырып, тендерлік өтінімдер ұсынған әлеуетті жеткізушілерді жазбаша хабарлама арқылы ұсынуға құқығы бар.

Әлеуетті жеткізуші өзінің ұсынысын тендер өтінімдерін тапсырудың соңғы мерзіміне дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқығы бар.

Тендерге қызмет көрсету бойынша әлеуетті жеткізуші уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе өкілетті тұлға тендерге қатыспаса, оның қатысуынсыз өткізіледі.

 

Байланыс тұлғалары:

Удербаев Алмат Танабаевич

Тел.+7 (727) 250 00 00 іш. 5690

Моб. +7 701 720 34 34

auderbaev@nurbank.kz