Ашық тендер

Ашық тендер

08.09.2023

«Нурбанк» АҚ ашық тендер өткізілетінін және әлеуетті жеткізушілерді 2023 жылғы 14 қыркүйекте «Нурбанк» АҚ ғимаратында, Алматы қ., Абая даңғылы, 10 «В», 310 бөлмеде өтетін ашық тендерге қатысуға шақырады.

Құжаттарды жинау мерзімі: 2023 жылғы 13 қыркүйек, сағат 12:00 дейін, мекенжайы: Алматы қ., Абая даңғылы, 10 «В», канцелярия, 204 бөлме.

 

Тендерге құқықтық тұлғалар (қызмет жеткізушілер), тендер өткізу сәтіне сәйкес келесі талаптарға сай болуы керек:

- кәсіби құзіретке және жұмыс тәжірибесіне ие болу, қызмет көрсету келісімшартына сәйкес міндеттемелерін орындау үшін қажетті қаржы, материалдық және еңбек ресурстарының бар болуы;

- «Нурбанк» АҚ алдындағы бұрын жасалған келісімшарттар бойынша қарыздар болмауы;

- төлем қабілетті болу, жойылуға жатпау, мүліктеріне тыйым салынбау, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тоқтатылмауы керек;

- тендерге қатысуға өтінім беру сәтінде және қызмет көрсету келісімшартын жасау кезінде салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының аумағында лицензияларды сатуға және техникалық қолдау көрсету құқығына дистрибьютордан құжаттық растау.

Техникалық спецификациялар мен бағдарламалық өнімдердің сипаттамасы №5 қосымшада берілген.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

- әлеуетті жеткізушінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келуі;

- тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттаманың техникалық спецификацияларына сәйкес келуі;

- ұсынатын баға;

- төлем шарттары;

- лицензияларды жеткізу мерзімі.

Тендерге қатысу үшін келесі құжат топтамаларын ұсыну қажет:

1 топтама: Құқықтық құжаттама

  1. тендерге қатысу туралы өтінім;
  2. заңды тұлғаны тіркеу қайта тіркеу куәлігі, құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері (Жарғы, қосылған құн салығын тіркеу есебіне қою куәлігі);
  3. мемлекет лицензиялайтын қызмет түріне лицензияның көшірмесі (таңдаулы түпнұсқа);
  4. жеткізушінің өкілетті тұлғасының жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  5. тендерге қатысуға өкілетті тұлғаға жеткізушінің сенімхаты;

2 топтама: Қаржылық құжаттама

  1. бағалы ұсыныстар (1,3 жыл);
  2. үміткердің банк шотының реквизиттерін, банк алдындағы мерзімі өткен қарызы жоқтығын растау банктің түпнұсқа анықтамасы;
  3. заңды тұлғалар үшін бір жылдық қаржылық есеп беру мөрі бар, жеке кәсіпкерлер үшін декларациялармен бірге мөрімен куәландырылған;
  4. жеткізушінің тіркеу орны бойынша салық төлеу қарызы жоқтығы туралы Салық комитетінің түпнұсқа анықтамасы;
  5. материалдық-техникалық базаның бар болуы туралы мәліметтер;
  6. келісімшарт бойынша жеткізудің өзара есеп айырысуларын «Нурбанк» АҚ арқылы шот бойынша жүзеге асыруға келісім;

3 топтама: Басқа құжаттама

1) техникалық спецификациялар, жеткізу шарттары, мерзімдері;

2) әлеуетті жеткізушілер үшін өндіруші компаниялардан уәкілеттілік хаттың болуы:

- пайдаланушыны жүйеге кіргізу барысында сәйкестендіру және аутентификациялау жүйесін тарату және кепілдікті қызмет көрсету үшін құқық беретін құжаттармен;

- Қазақстан Республикасының аумағында лицензиялық бағдарламалық қамтуды таратуға және техникалық қолдау көрсетуге құқық беретін құжаттармен.

3) Алматы қаласында немесе аппараттық-бағдарламалық кешенді жеткізу жүзеге асырылатын аймақтарда кепілдік қызмет көрсету бойынша сервистік орталық немесе сервистік серіктестің болуы (атауы, мекені мекен-жайы, байланыс ақпараты бар ақпаратты ұсыну);

4) жабдықтың өнеркәсіптік сериялы өндіріледен жеткізілген болуы керек, фабрика-зауыттарда тестіленген. Монтажда талаптама бойынша келісілген барлық компоненттерді қосарлылыққа енгізеді;

5) әлеуетті жеткізушінің нарықта жұмыс істеу мерзімі кемінде 2 жыл болуы қажет;

6) жабдықтарды тасымалдау сатып алушының мекенжайына бір рет толық көлемде өткізілуі тиіс;

7) әлеуетті жеткізуші өз тендерлік өтінімін дайындау және ұсынуға байланысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк және тендер комиссиясы осы шығындар үшін ешқандай жауапкершілік алмайды және міндетті емес, өткізілетін сипатта және тендер нәтижесі қай жағынан болмасын.

Өз себептерімен, Банктің Тендерлік комиссиясы қызмет жеткізушілерге және ресми түрде тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру рәсімінде қатыспайтын кез-келген басқа тұлғаға қатысты кез келген ақпаратты ашпауға құқылы.

«Нурбанк» АҚ тендер өткізуді тоқтату немесе кейінге қалдыруға және тендер өтінімдерін ұсынған әлеуетті жеткізушілерге тендер өткізуді тоқтату немесе кейінге қалдыру туралы жазбаша хабарлама жіберуге құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталуы алдында өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендерге әлеуетті қызмет жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуы не онсыз, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса.

Байланысты тұлғалар:

Конатуненко Игорь Анатольевич

Тел. +7 (727) 250 00 00 вн 4002

ikonotunenko@nurbank.kz