АҚ «Нұрбанк» ашық тендер

АҚ «Нұрбанк» ашық тендер

02.08.2022

Құрметті ханымдар мен мырзалар! 

«Нурбанк» АҚ Банк проблемалы несиелерінің кепілдік нысандары және Банктің балансында тұрған объектілеріне қару қолданбайтын физикалық күзет және мониторинг қызметтерін сатып алу бойынша ашық тендер өткізілетінін хабарлайды және әлеуетті жеткізушілерді «SKYPE» бағдарламасын пайдаланып өтетін тендерге қатысуға шақырады:

Тендер түрі: ашық;

Сауда-саттықтың басталуы: 2022 жылғы «11» тамыз сағат 14.30.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 10.00 с час «10» тамыз 2022 ж., мекенжайы: Алматы қ., Абай пр-ні, 10 «В», каб. 204 (кеңсе). 

ЛОТТАР ТІЗІМІ:

Лот 1: тәулік бойы қару қолданбайтын физикалық күзет Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жалтыр ауылы, мекенжайында орналасқан 5,0535 га жер учаскесімен қоса мұнай базасын қорғау.

Күзет посттарының саны – 2 (екі).

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар 

  1. Компания заңды тұлға болуы шарт.
  2. Міндеттемелерді шартқа сәйкес орындау үшін қажетті қаржы, материалдық және еңбек ресурстарына ие болуы тиіс.
  3. Төлеуге қабілетті болуы, жойылуға жатпау, Компанияның мүлкіне арест салынбау, оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленгендей тоқтатылмауы тиіс.
  4. Компанияда және оның басшысында/құрылтайшысында тендер кезінде төленбеген салық берешегі болмауы тиіс.
  5. Бұрын жасалған келісімшарттар бойынша «Нурбанк» АҚ тарапынан елеулі наразылық жоқ болуы тиіс.
  6. Физикалық қауіпсіздік қызметтерін ұсынуға мемлекеттік лицензия болуы тиіс.
  7. Күзетшілерге арналған формасы және арнайы құралдары болуы тиіс.
  8. Қазақстанның өңірлерінде филиалдық желісі болуы (қалаулы).
  9. Компания Қазақстан Республикасында тіркелген болуы тиіс.
  10. Жеткізушінің шарт бойынша есеп-қисапты «Нурбанк» АҚ банктік шоты арқылы жүзеге асыруға келісімі болуы (қалаулы).
  11. Қызмет көрсетілгеннен кейін ай сайын есеп айырысуға жеткізушінің келіскені болуы тиіс. 

Шарт жасалатын Компания (-лар) тапсырыс берушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына, мүлкіне және қаржылық қаражаттарына келтірілген залал үшін жауап береді, бұл (соның ішінде, шектелмеген түрде) ұрлық, тонау немесе қарақшылық арқылы немесе тапсырыс берушінің тауарлық-материалдық құндылықтары мен мүлкін өртеу және бүлдіру, үшінші тұлғалардың қорғаудағы орындар мен құрылғылардың, құлыптардың, есіктердің, терезелердің, витриналардың және қоршаулардың кілттеу арқылы жасалған әрекеттерімен келтірілген зияны болатын жағдайда да. Тапсырыс берушіге келтірілген залал толық көлемде мердігермен шартта белгіленген мерзімдерде өтеледі. 

Тендерге қатысу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

Құқықтық құжаттар:

1) тендерге қатысуға өтінім белгіленген үлгіде, осы хаттың 1-қосымшасына сәйкес қазақ/орыс тілдерінде;

2) құрылтай құжаттары, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәлігі (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есепке алу туралы куәлігі) нотариалды расталған көшірмелері;

3) мемлекет бірнеше лицензиялайтын қызмет түрлерін жүргізуге лицензиялардың көшірмелері (түпнұсқа растау үшін); 

4) жеткізушінің өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;

5) тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға берілген жеткізушінің сенімханасы;

6) заңды тұлғаның уәкілетті органы атқарушы органды (басшыны) тағайындау туралы шешімі, нотариалды расталған көшірмесі. 

Қаржылық құжаттар:

1) баға ұсыныстары; 

2) өтініш берушінің банк шотының мәліметтерін, банк алдындағы мерзімі өткен берешегі жоқтығын растайтын, қызмет көрсететін банктен алынған анықтама түпнұсқасы;

3) заңды тұлғалардың бір жылға арналған қаржылық есептілік көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен расталған;

4) жеткізушінің тіркелген жеріндегі Салық комитетінің анықтамасының түпнұсқасы немесе салық төлемі бойынша берешегінің бар/жоғын растайтын электронды көшірмесі;

5) жеткізушімен бұрын жұмыс істеген заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, ынтымақтастық тәжірибесінің бағалары мен сипаттамалары, міндеттерді орындаудың уақтылығы мен толықтығы және т.б. бар (болған жағдайда);

6) Тендер өткізілгенге дейінгі екі жылға арналған корпоративті табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Егер алдыңғы екі жыл кезеңіндегі салық есебінде шығындар болса, қатысушы ұсынған тауар/қызмет бағасының негіздемесін ұсынуы тиіс (Халықаралық коммерциялық операцияға қатысы бар тауарлар/жұмыстар/қызметтерді сатып алу болса);

7) шотқа есеп-қисапты «Нурбанк» АҚ банктік шоты арқылы жүзеге асыруға келісім барын растайтын құжат. Жеткізуші шот ашудан бас тартқан жағдайда сәйкес хатты ұсынуы қажет. 

Әлеуетті Жеткізуші өзінің тендерлік ұсынысын дайындау және ұсынумен байланысты барлық шығындарды өз мойнына алады, ал Банк және тендер комиссиясы осы шығындар үшін жауап бермейді және олар бойынша міндеттеме алмайды, тендер өткізу нәтижелеріне және сипатына қарамастан.

Өз тарапымыздан, «Нурбанк» АҚ тендерді өткізуден бас тартуға немесе кейінге қалдыруға құқылы екенін, тендерлік ұсыныстарды ұсынған әлеуетті жеткізушілерге тендердің жойылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы жаңа өтілетін күнімен жазбаша хабарлайтынын еске саламыз.

Әлеуетті жеткізуші өзінің ұсынысын тендерлік ұсыныстарды тапсырудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзгертуге немесе кері қайтаруға құқылы. 

Тендерге әлеуетті қызмет жеткізушінің уәкілетті өкілі қатысып немесе қатыспай өткізіле алады, егер уәкілетті өкіл тендерге қатыспаса.

Тендерлік құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2022 жылдың «_10_» тамызы, сағат 10.00. Құжаттар мөрленген конвертте (конвертте байланыс деректері көрсетіледі) Алматы қ., Абай проспектісі, 10 «В», 204 бөлмеге тапсырылады.

Тендердің өткізілу күні: 2022 жылдың «11» тамызы, сағат 14.30.

Қосымша, тендер өткізу формасы қашықтан «SKYPE» арқылы жүргізілетінін хабарлаймыз. 

Байланыс тұлғалары:

Баға ұсыныстары және басқа сұрақтар бойынша Қазақстан теле: 8 (727) 2 599-710 ішкі 5084, моб. +7 701 585 8863, email: LMenshova@nurbank.kz