«Нурбанк» АҚ банк проблемалық несиелер бойынша кепілдік нысандарын қарулы емес физикалық күзету және мониторингтеу қызметтерін сатып алуға арналған ашық тендер өткізетінін жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді төменде көрсетілген мекенжай бойынша өтетін тендерге қатысуға шақырады. Физикалық қатысу мүмкін болмаған жағдайда — «SKYPE» бағдарламалық қамтамасыздандыру арқылы:
Тендер түрі: ашық.
Сауда басы: 2021 жылдың 26 мамырында сағат 14.30-да.
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 25 мамыры сағат 17.00-ге дейін, мекенжай: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», 204 кеңсе, кеңсе бөлімі.
ЛОТТАР ТІЗІМІ:
Күзет посттар саны – 2 (екі).
Күзет посттар саны – 1 (бір).
Объектіні мониторингтеу тәулігіне 6 рет, аптасына 7 күн (08:00-ден 20:00-ге дейін 4 рет және 20:00-ден 08:00-ге дейін 2 рет) жүргізіледі.
Күзет посттар саны – 1 (бір).
Күзет посттар саны – 2 (екі).
Күзет посттар саны – 2 (екі).
Күзет посттар саны – 1 (бір).
Күзет посттар саны – 2 (екі).
Күзет посттар саны – 2 (екі).
Күзет посттар саны – 1 (бір).
Күзет посттар саны – 1 (бір).
Күзет посттар саны – 1 (бір).
Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар
Әлеуетті жеткізуші бір немесе бірнеше лот бойынша тендерге қатысу құқығына ие.
Шарт жасалған компания(-лар) тапсырыс берушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына, мүлкіне және ақшалай қаражаттарына залал келтіргені үшін жауап береді, оның ішінде ұрлық, тонау немесе қарақшылық шабуыл арқылы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың қорғауға алынған объектілер мен бөлмелердің құлыптарына, есіктеріне, терезелеріне, витриналары мен қоршауларына және өзге де тәсілмен қорғау қызметкерлерінің кінәсімен тікелей объектілерді қорғауды жүзеге асыратын тұлғалар арқылы келтірілген материалдық құндылықтар мен мүлікті бүлдіру арқылы. Тапсырыс берушіге келтірілген барлық залал Шартта белгіленген мерзімде толық көлемде өтеледі.
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Құқықтық құжаттама:
1) тендерге қатысуға өтінім, осы хаттың 1-қосымшасына сәйкес орыс/қазақ тілдерінде;
2) құрылтай құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (Жарғы, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік);
3) мемлекет лицензиялайтын қызметке лицензияның көшірмелері (түпнұсқасы тексеруге арналған);
4) жеткізушінің өкілі – өкілетті тұлғаның құжатының нотариалдық куәландырған көшірмесі;
5) Тендерге қатысуға уәкілетті тұлғаға жеткізушінің берген сенімхаты;
6) заңды тұлғаның атқарушы органды (басшыны) сайлау (тағайындау) туралы өкілетті органның шешімі, заңды құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
Қаржылық құжаттама:
1) баға ұсыныстары;
2) үміткердің банк реквизиттерін растайтын, несие берушінің банкпен кешіктірілген берешегінің жоқтығы туралы қызмет көрсететін банктен алынған анықтаманың түпнұсқасы;
3) заңды тұлғалардың мөрімен бекітілген бір жылдық қаржылық есеп көшірмелері;
4) жеткізушінің тіркелген жеріндегі Салық комитетінен салық төлегені туралы қарызы бар/жоқтығы туралы анықтама немесе электрондық үзінді көшірмесі;
5) бұрын жеткізушімен бірге жұмыс жасаған заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен шолуларының көшірмелері, оның ішінде ынтымақтастық тәжірибесін, уақытылы, міндеттемелерді толық орындауды сипаттайтын бағалаулар мен сипаттамалар болуы;
6) Тендерге дейінгі екі (екі) жылдағы корпорациялық табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмесі. Егер осы екі жылда салық есебінде шығындар болса, қатысушы ұсынылған өнім/қызметтің бағасын негіздеуі қажет (халықаралық сауда операцияларының мәні болып табылатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша сатып алулар).
7) «Нурбанк» АҚ ашқан шот арқылы есеп айырысуларды жүзеге асыруға келісу. Егер жеткізуші шот ашудан бас тартса, тиісінше хатты ұсыну керек.
Әлеуетті жеткізушы тендерлік өтінімді дайындау және тапсыруға байланысты барлық шығындарды өзі көтереді және Банк пен тендерлік комиссия бұл шығындарды өтемейді және тендердің өткізілу сипатына және нәтижелеріне жауапты болмайды.
Өз тарапымыздан, «Нурбанк» АҚ тендерді тоқтату немесе кейінге қалдыру құқығын сақтайды және тендерлік өтінімдерін ұсынған әлеуетті жеткізушілерді тендердің тоқтатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы жаңа өтетін күнді көрсете отырып хабардар етеді.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдердің соңғы беру мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгертуді немесе қайтарып алуды құқылы.
Тендер әлеуетті жеткізуші қызметінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе онсыз өткізіледі, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса.
Тендерлік құжаттаманы ұсыну үшін соңғы мерзім 2022 жылдың __25__мамыры, сағат 17.00. Құжаттар конвертке мөрленген күйде (конвертте байланыс мәліметтерін көрсету қажет) Алматы қаласы, Абай даңғылы 10 «В», 204 кеңсе мекен-жайындағы Банк кеңсесіне ұсынылуы керек.
Тендер өткізу күні: 2022 жылдың 26 мамыры, сағат 14.30
Қосымша ұсынамыз: Тендер Алматы қаласы, Абай даңғылы 10В мекенжайы бойынша өткізіледі, егер қатысу мүмкін болмаса, қашықтықтан «SKYPE» бағдарламалық өзара әрекеттесу арқылы.
Байланыс тұлғалары:
ü Баға ұсыныстары мен басқа да мәселелер бойынша Меньшова Лариса Павловнаға келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 (727) 2 599-710 ішкі 5084, ұялы тел. +7 701 585 8863, электронды пошта: LMenshova@nurbank.kz