«Нұрбанк» АҚ компаниясы Банктің Бас кеңсесінің қызметкерлеріне арналған кеңсе жиһаздарының 260 жұмыс орнына, жалпы саны 728 корпустық жиһазды сатып алу үшін ашық тендер жариялайды. Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы 10В.
Тендер қорытындысы бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған компаниямен жеткізу келісім-шарты жасалады.
Осы хабарландыруға қосымша ретінде талаптар тізімі бар файлдарды таба аласыз.
Тендер түрі: ашық
Құжаттарды жинау мерзімі: 2021 жылғы 9 қараша, сағат 17:00 дейін, мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 10В, АПП Кеңсесі, № 310 кабинет
Ашық тендер 2021 жылғы 11 қарашада сағат 14:30, мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 10В, №310 кабинетте өтеді.
Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар:
Тендерге қатысу үшін қажетті құжат пакеттері:
1 пакет: Құқықтық құжаттар
1) тендерге қатысу туралы бекітілген үлгідегі өтінім;
2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (Жарғы, қосылған құн салығына қою туралы куәлік);
3) мемлекет тарапынан лицензиялауға жататын қызметтер/тауарлар бойынша лицензиясының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқа);
4) жеткізушінің уәкілетті өкілі жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) жеткізушінің Тендерге қатысуға уәкілетті өкіліне берілген сенімхаты;
2 пакет: Қаржылық құжаттар
1) талапкердің банк деректемелерін растайтын, талапкердің банк алдында мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банктің түпнұсқа анықтамасы;
2) заңды тұлғалардың бір жылға арналған қаржылық есеп-қисабының көшірмелері, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөрмен расталған (мөр болмаған жағдайда);
3) жеткізушінің тіркелген жеріндегі салық комитетінен салықтарды төлеу бойынша берешектің жоқтығы туралы түпнұсқа анықтама;
4) бұрын жеткізушімен жұмыс істеген заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің тәжірибе, міндеттемелерді уақытылы орындау және т.б. туралы бағалары бар ұсынымдары мен пікірлерінің көшірмелері (бар болса);
5) материалдық-техникалық базаның болуы туралы мәліметтер;
6) баға ұсыныстары;
7) Тендер өтетін екі жылға дейінгі корпоративтік табыс салығы декларацияларының көшірмелері. Соңғы екі жылда салық есебінде шығын болған жағдайда, қатысушы тауарлар/қызметтер бағасының негіздемесін ұсынуы қажет (халықаралық бизнес операцияларына қатысты сатып алулар бойынша).
3 пакет: Басқа құжаттар
1) тауар сипаттамасы, жеткізу шарттары, мерзімдері.
2) ықтимал Жеткізуші өз тендерлік өтінішін дайындауға және ұсынуға байланысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия бұл шығындар үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді.
Өз тарапымыздан атап өтеміз, Банк Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру туралы ақпаратты ықтимал қызмет көрсетуші жеткізушілерге немесе ресми түрде қатыспайтын кез келген басқа адамға ашпауы мүмкін.
«Нұрбанк» АҚ тендерді тоқтату немесе кейінге қалдыру құқығына ие және тендерге өтініш берген ықтимал жеткізушілерге жазбаша хабарлау арқылы жаңа өткізілетін күнін көрсетуге құқылы.
Ықтимал жеткізуші өз өніміне қоюға ниетті баға ұсынысын соңғы ұсыныс мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Байланысташуы:
Бойынша сұрақтар:
1-қосымша. Техникалық сипаттама (жүктеу. doc, 461 КБ)
3-қосымша. Өтініш (жүктеу. doc, 21 КБ)