«Нұрбанк» АҚ ашық тендері

«Нұрбанк» АҚ ашық тендері

04.06.2021

Құрметті ханымдар мен мырзалар! 

«Нұрбанк» АҚ Банк балансындағы жылжымайтын мүлікті қорғау жүйесін орнату және техникалық қызмет көрсету қызметтерін сатып алу бойынша ашық тендер өткізілетінін жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді тендерге қатысуға шақырады. Тендер мына мекенжай бойынша өтеді: Әбәй проспекті 10 «в», 3-қабат, 310-кабинет. 

Тендер түрі: ашық;

Сауданың басталуы: 2021 жыл 10 маусымда сағат 15.00-де.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2021 жыл 8 маусымда сағат 13.00-ге дейін, Алматы қаласы, Әбәй пр., 10 «В/204» (хатшылық) мекенжайы бойынша. 

ЛОТТАР ТІЗІМІ:

  • Лот 1: Жалпы ауданы 641,30 шаршы метр жер телімі 0,0966 га көлемінде тұрғын үй, Алматы қаласы, Көк-төбе шағын ауданы, Қыз-Жібек көшесі 69 мекенжайында орналасқан. Охранная сигнализация – 1 (бір). 
  • Лот 2: Жалпы ауданы 141,40 шаршы метр 3-бөлмелі пәтер, Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы, М.Ғабдуллин көшесі, 16-құрылыс, 102-пәтер мекенжайында орналасқан. Охранная сигнализация – 1 (бір). 
  • Лот 3: Жалпы ауданы 49,6 шаршы метр 2-бөлмелі пәтер, Ақтау қаласы, 3А шағын аудан, 15/2 құрылыс, 44-пәтер мекенжайында орналасқан. Охранная сигнализация – 1 (бір). 
  • Лот 4: Жалпы ауданы 128 шаршы метр 3-бөлмелі пәтер, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 10-құрылыс, 46-пәтер (бұрынғы Астана қаласы, Алматы ауданы, №2 көше, Есіл өзенінің сол жағалауы) мекенжайында орналасқан. Охранная сигнализация – 1 (бір). 
  • Лот 5: Коммерциялық ғимарат (жиһаз салоны – дүкен), Ақтау қаласы, 15-шағын аудан, 59-құрылыс, пәтер мекенжайында орналасқан Охранная сигнализация – 1 (бір). 
  • Лот 6: Жалпы ауданы 121 шаршы метр коммерциялық ғимарат, Нұр-Сұлтан қаласы, Петрова көшесі, 18/1 құрылыс, БЦ-8 мекенжайында орналасқан. Охранная сигнализация – 1 (бір).  

 

Жеткізушілерге негізгі талаптар 

  • Шарт талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарға ие болуы керек.
  • Төлемге қабілетті, таратылуға жатпайтын, мүлікке тыйым салынбаған, қаржы-шаруашылық қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеулер қойылмаған болуға тиіс.
  • Шұғыл жағдай енгізілген уақытқа салыстырылып, қызметті жүзеге асыруға әсер ететін салықтық қарыз болмауы керек.
  • Қазақстан Республикасының территориясында қажетті қызметтер көрсетуге мемлекеттік лицензия.
  • Арнайы құралдардың болуы
  • Қазақстан аймақтарында филиалдық желі (қолайлы жағдайда) болуы
  • Заңды тұлға
  • Компания Қазақстан Республикасында тіркелген болуы
  • «Нұрбанк» АҚ арқылы банктік шот арқылы өзара есеп айырысу жасауға жеткізушінің келісімі
  • Қызметтерді іске асыру негізінде ай сайынғы төлем жасауға жеткізушінің келісімі. 

Әлеуетті жеткізушіге бір немесе бірнеше лоттар бойынша тендерге қатысуға құқығы бар. 

Келісім жасалған компаниялар тапсырыс берушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына, мүлікке және ақша қаржысына зиян келтіргені үшін (және ұрлау, шабуыл жасау, сонымен қатар бұзушылардан қорғаулы нысандар мен бөлмелердегі қорғалатын мүлікке зиян) жауапты болады. Зиянды толық көлемде өтеу орындаушының келісім шарты бойынша жүргізіледі. 

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

Заңды құжаттар:

1)   Қатысу өтінімі белгіленген үлгісінде, осы хаттың қазақша / орыс тіліндегі Қосымша 1-ге сәйкес;

2) құрылтай құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған копиялары, заңды тұлғаны тіркеу / қайта тіркеу туралы куәліктер (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу куәлігі);

3) әртүрлі лицензиялық қызметті жүргізу үшін мемлекеттен алынған лицензия көшірмесі (түпнұсқасын тексеру үшін); 

4) Жеткізушінің өкілетті тұлғасы - сенімді өкілінің жеке бас куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі;

5) тендерге қатысу үшін өкілетті тұлғаға берілген жеткізушінің сенімхаты;

6) атқарушы органның (басшының) тағайындалуы туралы заңды тұлғаның өкілетті органы шешімі, құжаттың нотариалды куәландырған көшірмесі. 

Қаржылық құжаттар:

1) баға ұсыныстары; 

2) қызмет көрсеткен банктен банктік деректемелерін растайтын және кешіктірілген берешегі жоқтығын растайтын түпнұсқа анықтама;

3) заңды тұлғалардың бір жылдық, мөрмен расталған қаржылық есептілігінің көшірмелері;

4) жеткізушінің тіркеу орнынан алынған Салық комитетінің түпнұсқа анықтамасы немесе салықтарды төлеуде борышкердің бар немесе жоқтығын растайтын электрондық мәліметтер;

5) тендер өткізілуіне дейін екі жыл алдыңғы корпоративті табыс салығы бойынша декларация көшірмелері. Соңғы екі жылдық салық есебінің шығын болған жағдайда, ұсынылатын тауар / қызмет бағасын негіздеу қажет (халықаралық коммерциялық операциялардың нысанасы болып алынатын тауарлар / жұмыстар / қызметтерді алуға байланысты);

Әлеуетті жеткізуші өз тендер ұсыныстарын дайындау және ұсынуға байланысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк және тендер комиссиясы осы шығындарға жауап бермейді және қандай жағдайда болмасын міндеттемеге тартылмайды, тендер жүргізілуі мен  нәтижелеріне байланыссыз.

«Нұрбанк» АҚ өзінің құқығына сай тендерді өткізуді немесе кейінге қалдыруды, өтінім ұсынған әлеуетті жеткізушілерді жазбаша түрде хабардар етіп, жаңа өткізу күнін белгілей отырып, өзгерте алады

Әлеуетті жеткізуші соңғы тендер ұсыныстарын ұсыну мерзімі біткенше өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқығы бар. 

Тендер әлеуетті қызмет жеткізушісінің өкілетті адамы қосылған күде қатысып өтеді, егер жиналмаған болса, өткізілмейді.

Тендерлік құжаттамаларды өткізудің соңғы мерзімі 2021 жыл 8 маусымда сағат 13.00-ге дейін. Құжаттар мөрі бар конвертте (мекенжай деректерін көрсету арқылы) Алматы қаласындағы Банкте 204-кабинетте тапсырылуы керек, Әбәй проспекті, 10 «В»

Тендер өткізілу күні: «10» маусым 2021 жыл, сағат 15.00

Тендердің өту формасы Алматы қаласында тендер күніндегі төтенше күй (карантин) жағдайына байланысты болады. Карантин болғанда тендер «SKYPE» бағдарламалық жасақтамасы арқылы алыс қатынаста өтуі мүмкін. 

Жауапты тұлғалар:

Тендерді өткізу шарттарына қатысты, қатысу құжаттарын жинақтау мәселелері бойынша хабарласу:

Қартакова Индира Рахмановна, тел.: 8 (727) 2 599-710 қосымша 5385, ұялы тел.: 8 701 779 04 44, пошта: IKartakova@nurbank.kz

Баға ұсыныстарына және басқа мәселелерге қатысты:

Меншова Лариса Павловна, тел.: 8 (727) 2 599-710 қосымша 5634, ұялы тел.: +7 701 585 88 63, пошта: LMenshova@nurbank.kz