Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нұрбанк» АҚ серверлік жабдық пен Oracle лицензиялары техникалық қолдау қызметіне ашық тендер жариялайды:
және әлеуетті жеткізушілерді 2021 жылғы 15 сәуірде сағат 14:30-да келесі мекенжайда: пр. Абай 10В, «Нұрбанк» АҚ ғимаратында өтетін тендерге қатысуға шақырады.
Тендер типі: ашық
Тендердің басталуы: 2021 жылғы 15 сәуір сағат 14:30, мекенжай: пр. Абай 10В, 3-қабат, 310 үлкен конференц зал;
Сауда-саттықтың аяқталуы: сағат 16:30;
Пакеттер мен ұсыныстарды жинау: 2021 жылғы 14 сәуір қоса алғанда сағат 12:00-ге дейін, мекенжай: пр. Абай 10В, 204 кабинет хатшылығы.
Тендерге потенциалды жеткізушілер келесі критерийлерге сәйкес келуі тиіс:
Техникалық сипаттама келтірілген:
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакетін өткізу қажет:
1 пакет: Заңнамалық құжаттама
1) тендерге қатысуға өтінім, Қосымша №5 бойынша белгіленген формада;
2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаның тіркелуі/қайта тіркелуі туралы куәлік (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеуге қою туралы куәлік);
3) мемлекеттік лицензияланған қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқа);
4) жеткізушінің өкілі болып табылатын өкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) Тендерге қатысуға өкілетті тұлғаға жеткізуші сенімхаты;
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) үміткердің банктік деректемелерін растайтын және ол бойынша ешқандай кідірістер болмаған банктің анықтамасының түпнұсқасы;
2) заңды тұлғалардың бір жылға қаржылық есептілігінің көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, жеке кәсіпкерлердің салық декларациялары, мөрімен куәландырылған (мөрі болған жағдайда);
3) жеткізушінің тіркеу орны бойынша Салық комитетінің салық төлемдері бойынша қарызы жоқ екенін растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
4) бұрын жеткізушімен бірлесіп жұмыс жасаған заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлер тарапынан ұсыныстар мен пікірлер, соның ішінде тәжірибе бойынша бағалары мен сипаттамалары, міндеттемелердің толықтығы мен өз уақытында орындалуы (болған жағдайда);
5) материалдық-техникалық база бар болуы жөнінде мәліметтер;
6) баға ұсыныстары (1,3,5 жылдарға);
7) жеткізуші «Нұрбанк» АҚ-ның есеп-шоты арқылы жабдықтарды жеткізу бойынша шартты ақшалай есеп айырысуға келісетіндігін растауы.
3 пакет: Басқа құжаттама
Өз тарапымыздан атап өтеміз, Банктің тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру туралы ақпаратты тек оларды қарауға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын ұсынылған қызметтердің әлеуетті жеткізушілер немесе басқа тұлғаларға ашпауы тиіс.
«Нұрбанк» АҚ тендерді болдырмау немесе кейінге қалдыру мүмкіндігі бойынша жазбаша түрде тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің күшін жоятыны немесе ауыстыру туралы және тендердің жаңа дата ын белгілей отырып, хабарлай алады.
Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімін тендерлік өтінімдердің соңғы ұсынысы мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендер қызметтердің әлеуетті жеткізушісінің өкілетті өкілі болуымен немесе онсыз өткізіледі, егер өкілетті өкіл тендерге қатыспаса.
Тендерлік құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзімі: 2021 жылғы 14 сәуір сағат 12:00-ге дейін.
Байланыс тұлғалары:
Заң және қаржылық құжаттаманы қалыптастыру мәселелері бойынша Картакова Индира ханыммен хабарласу.
Тел. +7 (727) 250 0000 ішкі. 5385 IKartakova@nurbank.kz
Техникалық құжаттама бойынша Евгений Ли мырзаға хабарласыңыз.
Тел. +7 (727) 244-77-24 Evgeny.Lee@nurbank.kz.
Қосымша №1. Техникалық сипаттама(жүктеу. doc, 29 КБ)
Қосымша №2. Таңдау критерийлері (жүктеу. xlsx, 31 КБ)
Қосымша №3. Өтінім(жүктеу. doc, 32 КБ)