«Нұрбанк» АҚ жуу және қызмет көрсету шаруашылық тауарларын сатып алу бойынша 2021 жылға арналған Ашық конкурсын жариялайды.
Конкурстың нәтижесінде ең жақсы шарттарды ұсынып, жеткізу келісімшартына қол қоятын компания анықталады.
Осы хабарландырудың қосымшасында сіз талаптар тізімі мен қажетті тауарлардың саны тізімін таба аласыз.
Конкурс түрі: ашық
Сауданың басталуы: 2021 жылғы 18 наурыз 14:30, мекенжай: Алматы қ., Абая даңғылы 10 «в»
Сауданың аяқталуы: 2021 жылғы 18 наурыз 16:00, мекенжай: Алматы қ., Абая даңғылы 10 «в»
Ұсыныстарды жинау мерзімі: 2020 жылғы 16 наурыз 18:00, мекенжай: Алматы қ., Абая даңғылы 10 «в»
Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар:
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
1 топтама: Заңдық құжаттама
1) конкурсқа қатысу өтінімі белгіленген үлгіде;
2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері, тіркеу/қайта тіркеу куәлігі (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеу құжаты);
3) сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензияланатын жағдайда, мемлекет тарапынан лицензияланған қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмесін (түпнұсқасын тексеру үшін) ұсыну;
4) жеткізушінің уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;
5) уәкілетті тұлғаны конкурсқа қатысуға жеткізушінің сенім хаты;
2 топтама: Қаржылық құжаттама
1) конкурсқа қатысушының банктік деректемелері мен банке қарыздың жоқтығын растайтын қызмет көрсетуші банктің анықтамасының түпнұсқасы;
2) заңды тұлғалар үшін бір жылға қаржылық есептіліктің, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациясының, қажет болған жағдайда мөрмен расталған көшірмелері;
3) жеткізуші тіркелген орны бойынша Салық комитетінің салық бойынша қарыздың жоқтығы туралы анықтамасының түпнұсқасы;
4) бұрын жеткізушімен жұмыс жасаған заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлерден алынған ұсыныстар мен пікірлердің көшірмелері, оның ішінде уақытылы, толық орындалу сияқты көрсеткіштерді қамтитын құжаттар (болған жағдайда);
5) материалдық-техникалық базасының бар болуы туралы мәліметтер;
6) баға ұсыныстары;
7) салық есебінде жарамсыз ұсыныстар болған жағдайда, конкурс өткізілгенге дейінгі екі жылға арналған корпоративтік табыс салығы декларациясының көшірмелері. Ұсынылған тауар/қызметтің (халықаралық іскерлік операция заты кейін сатып алынған тауарлар/жұмыстар/қызметтер) бағасының негіздемесін көрсету;
3 топтама: Басқа құжаттама
1) тауар сипаттамасы, жеткізу шарттары, мерзімдер;
2) ықтимал жеткізуші конкурс ұсынысын дайындау мен тапсыруға байланысты барлық шығындарды мойнына алады, ал Банк пен конкурс комиссиясы бұл шығындарға жауап бермейді және оларды мойнына алмайды, конкурс нәтижесіне тәуелсіз.
Бұл ретте, Банк комиссиясы конкурсқа қатысқан қызметтерді жеткізушілерге немесе конкурс өтінімдерін қарастыруға, бағалауға қатыспаған кез келген басқа тұлғаға конкурс өтінімдерін қарастыру, бағалау және салыстыру туралы ақпаратты жарияламауға құқылы.
«Нұрбанк» АҚ конкурс өткізуді тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға құқылы, конкурсқа өтінім берген ықтимал жеткізушілерді жазбаша хабарлау арқылы, конкурстың тоқтатылуын немесе кейінге қалдыруын және жаңа мерзімін көрсетіп хабарламалау.
Ықтимал жеткізуші конкурсқа өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Байланыс тұлға:
Келесі мәселелер бойынша:
1-қосымша. Өтінім (жүктеу. doc, 44 КБ)
2-қосымша. Тауарлар тізімі (жүктеу. xlsx, 11 КБ)
3-қосымша. Көлемдер кестесі (жүктеу. xls, 40 КБ)