АҚ «Нұрбанк» ашық тендер

АҚ «Нұрбанк» ашық тендер

03.02.2021

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ хосттарды қорғау жүйесінің лицензияларын және PaloAlto Traps бағдарламалық кешенін ұзартуға арналған ашық тендер өткізетінін жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді тендерге қатысуға шақырады, ол 2021 жылғы 9 ақпанда «Нұрбанк» АҚ ғимаратында, Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», 310-кабинетте өтеді.

Құжаттарды жинау мерзімі: 08-02-2021 12:00-ге дейін, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», кеңсе, 204-кабинет

Тендерге заңды тұлғалар (қызметтердің әлеуетті жеткізушілері) қатыса алады, олар тендер өткізілер сәтте келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  • кәсіби құзіреттілікке және жұмыс тәжірибесіне, қызмет көрсету шартына сәйкес міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу;
  • аппараттық-бағдарламалық кешенді сату және Қазақстан Республикасы аумағында техникалық қолдау көрсету құқығына дистрибьютордан құжаттық растауға ие болу.
  • «Нұрбанк» АҚ тарапынан алдын ала келісілген шарттар бойынша талаптары болмау;
  • төлем қабілеттілігі бар, жойылуға жатпайтын, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатылмауы тиіс;
  • тендерге қатысуға өтінім берген және қызмет көрсету шартын жасау сәтіне арналған барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеу бойынша міндеттемелерін орындау.

Техникалық сипаттама және бағдарламалық өнімдер сипаттамасы №5 Қосымшада берілген.

Тендерлік өтінімдерді бағалау өлшемшарттары:

  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
  • тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттаманың техникалық сипаттамаларына сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • жабдықты жеткізу мерзімдері.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:

1 пакет: Заңды құжаттама

1) тендерге қатысу өтінімі;

2) құрылтай құжаттарының, тіркелу/қайта тіркеу туралы куәліктің (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша есепке қою куәлігі) нотариалды куәландырылған көшірмелері;

3) сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға мемлекеттің лицензиясы көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқа);

4) жеткізушінің өкілі ретінде құзыретті тұлғаның жеке тұлғасын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) жеткізушінің тендерге қатысуға арналған уәкілетті тұлғаға берілген сенімхаты;

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) баға ұсыныстары;

2) үміткердің банк реквизиттерін және банктің алдында мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банктің түпнұсқа анықтамасы;

3) юридикалық тұлғалардың бір жылға арналған қаржылық есептілігінің көшірмелері, оның мөрімен расталған салық декларациялары;

4) берешегінің жоқтығын растайтын жеткізушінің тіркеу орны бойынша Салық комитетінің түпнұсқа анықтамасы;

5) материалдық-техникалық базаның бар болуы туралы мәліметтер;

3 пакет: Басқа құжаттама

1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімдері.

2) Потенциальді жеткізушілер үшін өндіруші компаниялардан авторизациялық хаттың болуы:

  • пайдаланушыларды жүйеге кіру кезінде сәйкестендіру және авторландыру жүйесін тарату және кепілдік қызмет көрсету құқығын растайтын құжаттардан;
  • Қазақстан Республикасы аумағында лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді тарату/техникалық қолдау көрсету құқығын растайтын құжаттардан.

3) Алматы қ. немесе аппараттық-бағдарламалық кешен жеткізілетін өңірлерде кепілдік қызмет көрсету орталығының немесе серіктестің болуы (атауы, мекенжайы, байланыс деректері көрсетілген ақпаратты беру).

4) жабдық фирма-өндірушінің зауыттарында тексерілген сериялық өндіріс қатарынан жеткізілуі тиіс. Құрастыру барысында барлық тапсырмада келісілген компоненттер қосылады.

5) әлеуетті жеткізушінің нарықта кемінде 2 жыл жұмыс істеуі.

6) Жеткізілім тапсырыс берушінің мекенжайына бір уақытта және толық көлемде жүзеге асырылуы қажет.

7) Потенциальді жеткізуші тендерлік өтінімді дайындаумен және берумен байланысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк және тендерлік комиссиялар бұл шығындар үшін жауап бермейді және оны көтермейді, тендердің жүргізілу сипатына және нәтижесіне қарамастан.

Ескерте кетейік, Банктің тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру туралы ақпаратты қызмет көрсетуге әлеуетті жеткізушілерге немесе ресми түрде қарау, бағалау және салыстыруға қатыспайтын кез келген басқа тұлғаларға ашпауға құқылы.

«Нұрбанк» АҚ тендер жүргізуді тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға, тендерлік өтінімдер ұсынған әлеуетті жеткізушілерге тендердің тоқтатылуы немесе кейінге қалдыру туралы жаңа өткізу күні көрсетілген жазбаша хабарлама жіберуге құқылы.

Әлеуетті жеткізуші өз өтінімін түпкілікті тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті қызмет көрсету жеткізушісінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе қатысуынсыз өткізіледі, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса.

Тендерлік құжаттаманы ұсыну үшін түпкілікті мерзім 2021 жылғы 8 ақпан, сағат 12:00.

Қосымша №2. Критерийлер(жүктеу. doc, 37 КБ)