Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ хосттарды қорғау жүйесінің лицензияларын ұзарту және PaloAlto Traps бағдарламалық кешені үшін ашық тендер өткізетінін жариялайды және әлеуетті жабдықтаушыларды 2021 жылғы 28 қаңтардасағат 14:30 ашық тендерге қатысуға шақырады. Тендер «Нурбанк» АҚ ғимаратында, Алматы қ., Абая даңғылы, 10 «В» мекенжайында, 310 кабинетте өткізіледі.
Құжаттарды 27-01-2021 12:00-ге дейін, Алматы қ., Абая даңғылы, 10 «В», канцелярия, 204 кабинетке тапсыру қажет
Тендерге қатысуға, қызмет көрсететін келісімшартқа сәйкес міндеттемелерді орындауға кәсіби біліктілігі мен тәжірибесі бар, қажет қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары бар әлеуетті қызмет көрсетуші заңды тұлғалар (қызмет жеткізушілер) жол беріледі:
Бағдарламалық өнімдердің техникалық спецификациясы мен сипаттамасы Қосымша № 5-те көрсетілген.
Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:
1 пакет: Құқықтық құжаттама
1) тендерге қатысуға өтінім;
2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаның тіркелгені \/ қайта тіркелгені туралы куәлік (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркелгені туралы куәлік);
3) мемлекеттік лицензиялау талаптарына сәйкес келетін лицензиялардың көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқа);
4) жабдықтаушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) тендерге қатысуға өкілеттілікті жабдықтаушының өкіліне берілген сенімхат;
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) баға ұсыныстары;
2) Қызмет көрсетуші банктен берілген үміткердің банк деректемелерін, банк алдында мерзімі өткен қарызының жоқтығын растайтын түпнұсқалық анықтама;
3) бір жылға арналған қаржылық есептіліктің көшірмелері, заңды тұлға мөрімен расталған, жеке кәсіпкерлер үшін мөрімен расталған салық декларациялары;
4) жабдықтаушының тіркелген жері бойынша Салық комитетінен салықтарды төлеу бойынша қарызының жоқтығын растайтын түпнұсқалық анықтама;
5) Материалдық-техникалық базаға қатысты ақпарат;
3 пакет: Басқа құжаттама
1) Техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімдері.
2) Өндіруші компаниялардан авторизациялық хаттардың болуы:
3) Жеткізілуі жоспарланған жабдыққа кепілдік қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталық немесе сервис-серіктестің Алматы қаласында немесе басқа өңірлерде болуы (атауы, мекен-жайы, байланыс деректері көрсетілген ақпаратты ұсыну).
4) Жабдық сериялық өндірістен шығарылуы тиіс, өндіруші зауыттарында тексерілген болуы тиіс. Құрастыру барысында көрсетілген барлық құрамдас бөліктер қамтылуы қажет.
5) Әлеуетті жабдықтаушының нарықта жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.
6) Жабдық бір уақытта және толық көлемде Тапсырыс берушінің мекенжайына жеткізілуі тиіс.
7) Әлеуетті Жабдықтаушы тендерлік өтінімді дайындау және ұсынумен байланысты барлық шығындарды өз мойнына алады, ал Банк пен тендер комиссиясы осы шығындар үшін жауап бермейді және міндетті емес, тендердің сипатына және нәтижелеріне байланыссыз.
Өз тарапымыздан, Банк Тендер комиссиясының тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты қызмет көрсетуге әлеуетті жабдықтаушыларға немесе ресми түрде тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатыспайтын кез келген басқа тұлғаларға ашпауды талап ете аламыз.
«Нурбанк» АҚ тендерді өткізу процесін тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға құқылы, бұл туралы жазбаша хабарлама жасап, тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті жабдықтаушыларға жаңа өткізу күні көрсетілген ақпаратты береді.
Әлеуетті жабдықтаушы өзінің өтінімін тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендерге қатысу әлеуетті қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының қатысуын немесе қатыспауын қарастырады.
Тендерлік құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзімі 2021 жылғы «27 қаңтарда» сағат 12:00.