Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нұрбанк» АҚ конфиденциалды ақпараттың таралып кетуінен қорғайтын жүйені (DLP) сатып алуға ашық тендер өткізетінін жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді 2021 жылғы 21 қаңтарда сағат 14:30-да «Нұрбанк» АҚ ғимаратында, мына мекенжайда: Алматы қ., Абай д-лы, 10 «В», кабинет № 310 болатын ашық тендерге қатысуға шақырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 20 қаңтарға дейін, сағат 12:00, мына мекенжайда: Алматы қ., Абай д-лы, 10 «В», канцелярия, кабинет № 204
Тендерге заңды тұлғалар (қызметтердің әлеуетті жеткізушілері) қатыса алады, олар тендер өткізілген кезде келесі талаптарға сай болуы тиіс:
Техникалық спецификация мен бағдарламалық өнімдер сипаттамасы Қосымша № 5-те келтірілген.
Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:
Тендерге қатысу үшін келесі құжат пакеттерін ұсыну қажет:
1 пакет: Құқықтық құжаттама
1) тендерге қатысу өтінімі;
2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (Жарғы, қосымша құн салығына есепке қою туралы куәлік);
3) сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асыруға арналған (лицензияланатын) мемлекет көрсеткен қызмет түрлері үшін лицензия көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқа);
4) жеткізушінің өкілі — уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;
5) Тендерге қатысу үшін жеткізушінің өкілеттілігі туралы сенімхат;
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) бағалық ұсыныстар;
2) банк қызметі көрсететін банктен алынатын түпнұсқа анықтама, үміткердің банкте берешегі жоқтығын растайтын;
3) заңды тұлғалардың жылдық қаржылық есептіліктің көшірмелері, эгерде мөрімен мөрленген болса, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының көшірмелері;
4) жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінен алынған салықтық өтелмеген берешектің жоқтығы туралы түпнұсқа анықтама;
5) материалдық-техникалық база туралы мәліметтер;
3 пакет: Басқа құжаттама
1) техникалық спецификациялар, жеткізу шарттары, мерзімдер.
2) Әлеуетті жеткізушілер өндіруші компаниялардан рұқсат алған болуы керек:
3) Алматы қаласында немесе аппараттық-бағдарламалық кешеннің жеткізілетін аймақтарында ұсынылатын жабдықтарға кепілдік қызмет көрсету үшін қызмет көрсету орталығы немесе қызмет көрсету серіктесі бар болуы тиіс, ақпаратты атауын, мекенжайын, байланыс деректерін көрсете отырып беріңіз.
4) жабдық сериялық шығарылатын сызықтан жеткізілуі, компания өндіруші зауыттарында сыналуы тиіс. Барлық тапсырылған құрамдас бөліктердің жинақтауда болуы қажет.
5) әлеуетті жеткізушінің нарықтағы белсенді іс-әрекет ету мерзімі кемінде 2 жыл болуы;
6) жеткізу тапсырыс берушінің мекен-жайына бір мезгілде және толық көлемде жүзеге асырылуы;
7) әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді дайындау және беру шығындарын өз мойнына алады, ал Банк пен тендерлік комиссия бұл шығындар үшін жауапкершілік көтермейді және міндеттемелер алмайды, тендердің қандай түрде өткізіліп, тендердің нәтижелеріне қарамастан.
Өз тарапымыздан Банк Тендерлік комиссиясының тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру ақпаратын қызмет жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруға ресми қатыспайтын кез келген басқа тұлғаға жария етпеуге құқығы бар екенін атап өтеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендерді тоқтату немесе кейінге қалдыру және тендерлік өтінімдер жолдаған әлеуетті жеткізушілерге тендерден бас тарту немесе жаңа өткізу датасын көрсете отырып кейінге шегеру туралы хабарлама жіберуге құқығы бар.
Әлеуетті жеткізуші түпкілікті ұсынылған тендерлік өтінімді берудің ақтық мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқықты.
Тендерде қатысу әлеуетті қызмет жеткізушінің уәкілетті тұлғасы қатысуымен немесе онсыз, егер уәкілетті тұлға қатыспаса, жүргізілмек.
Тендерлік құжаттама ұсынылуының соңғы мерзімі 2021 жылғы 20 қаңтарға дейін, сағат 12:00.