Несие досьелерінің электрондық қоймасын сатып алуға арналған ашық тендер

Несие досьелерінің электрондық қоймасын сатып алуға арналған ашық тендер

22.11.2019

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ «Нұрбанк» АҚ-ның Кредиттік істердің электрондық қоймасы атты ақпараттық жүйесін сатып алу бойынша ашық байқау жариялайды.

Байқау типі: ашық

Байқаудың басталуы: 05.12.2019 сағ. 14:30 аб., мекен-жайы: Абая даңғылы 10В, 3-ші қабат, 310, Үлкен конференц-зал.

Сауда-саттықтың аяқталуы: 16:30

Құжаттамалар мен ұсыныстарды тапсыру мерзімі: сағ. 12:00 04.12.2019 қоса алғанда, мекен-жайы: Абая даңғылы 10В, 204 кеңсе           

Байқауға келесі талаптарға жауап беретін заңды тұлғалар (қызметтерді ықтимал жеткізушілер) жіберіледі:

1. Жеткізу келісімшартқа сәйкес міндеттерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуы керек
2. Бұрын жасалған келісімшарттар бойынша «Нұрбанк» АҚ тарапынан елеулі шағымдардың болмауы
3. Төлем қабілетсіз болмауы, жойылуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының немесе жеткізуші резидент мемлекеттің заңнамасымен белгіленген тәртіпте тоқтатылған болмауы
4. Тендерге қатысу өтінімін және сатып алу туралы келісімді жасау сәтіне дейін салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерін орындау
5. Жүйеге қатысты қосымша кеңес беру қызметтерін ұсыну мүмкіндігі болуы
6. Екінші деңгейлі банктерде/қаржы ұйымдарында сатып алынатын жүйені сәтті енгізу болуы
7. Нарықта мүмкіндікті жеткізушінің жұмыс мерзімі 5 жылдан кем болмауы
8. Сатып алынатын жүйеге қатысты техникалық кеңес беру қызметтерін көрсету
9. Сатып алынатын жүйеге техникалық қолдау көрсету қызметтері
10. Төлем шарттары: бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізгеннен кейін 100% келісімшарт сомасын төлеуге мүдделі (50% алдын ала төлеу және 50% бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізгеннен кейін төлеу шарттарында мүмкін) «Нұрбанк» АҚ есеп айырысу шоты арқылы
11. Келесі функционалдары бар жұмыс істейтін жүйесінің болуы:
a) Құжат түрлері бойынша ақпаратты жүйелендірілген сақтау, каталогтау: жеке тұлғалардың құжаттары, заңды тұлғалардың құжаттары, құжаттардың орналасқан жерін көрсету
b) Құжат, құжаттарды сипаттап беру және басқа ақпаратты көрсететін досье карточкасы
c) Банктің ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру: Colvir CBS, Кредиттік конвейер
d) Құжаттарды жинақтау мен олардың жарамдылық мерзімін қадағалау және анықталған қателіктер бойынша хабарламалар жіберу
e) Құжаттарды өңдеу тарихын сақтау, құжаттардың нұсқаларын сақтау
f) Атрибуттар бойынша іздеу, құжаттарды қарау
g) Құқықтарды бөлу, жүйеде деректерді қорғауға рөлге сәйкес қол жетімділік
h) Есептерді құру, оларды MS Office (Excel, Word) пішіміне шығару
i) Құжаттардың сканерленген көшірмелерін жаппай енгізу
j) Сканерленген көшірмелердің форматы мен өлшемін бақылау.

Техникалық ерекшеліктер №1 қосымшада берілген. 

Байқаулық өтінімдерді бағалау критерийлері:

  • потенциалды жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі
  • тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттаманың техникалық ерекшеліктеріне сәйкестігі
  • ұсынылған баға
  • төлем шарттары
  • жүйені енгізу мерзімдері. 

Байқауға қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:

1 пакет: Құқықтық құжаттама

1) осы хаттың №2 қосымшасына сәйкес белгіленген үлгіде байқауға қатысу өтінімі

2) заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу сертификатының, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері

3) сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялануға жатса, мемлекеттің лицензиялауға болатын қызметіне арналған лицензияның көшірмелері (түпнұсқасы салыстырмалы түрде)

4) жеткізушінің өкілі-өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі

5) байқауға қатысуға өкілетті жеткізушінің сенімхаты

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайтын қызмет көрсетуші банктен алынған түпнұсқа анықтама

2) заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің бір жылға арналған көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, жеке кәсіпкерлердің салық декларациялары мөрмен куәландырылған, егер болса

3) жеткізушінің тіркелген жеріндегі Салық комитетінен берешектің жоқтығы туралы салық комитетінің түпнұсқа анықтамасы

4) бұрынғы серіктестерден жеткізушімен ынтымақтастық тарихы, толық және дер кезінде міндеттемелерді орындау туралы бағалау мен сипаттамалары бар құқықтық тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен шолуларының көшірмелері (бар болса)

5) баға ұсыныстары

6) тендер өткізуге дейінгі екі жылдың корпоративтік табыс салығы декларацияларының көшірмелері. Салықтық есепте екі жыл бойы шығындар болған жағдайда қатысушы сатып алынатын тауар/қызмет бағасын негіздеуі керек (таяу арада халықаралық іскерлік операцияға жататын тауарлар/жұмыстар/қызметтерді сатып алуда).

3 пакет: Басқа құжаттама

1) техникалық ерекшеліктер, жеткізу шарттары, мерзімдер

2) ықтимал Жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және ұсынуға байланысты барлық шығындарды көтереді, ал Банктің Тендерлік комиссиясы мұндай шығындардың сипаты мен нәтижелеріне қарамастан жауаптылық пен міндет жүктемейді

Біздің тарапымыздан Тендерлік комиссияның байқаулық өтінімдерді қарастыру, бағалау және салыстыру процесіне қатысты ақпаратты қызмет жеткізушілерге немесе байқауды қарастыру, бағалау және салыстыруда ресми түрде қатыспайтын кез келген басқа тұлғаға ашу қажеті жоқ екенін ескертеміз.

«Нурбанк» АҚ байқауды күшін жою немесе кейінге қалдыру құқығына ие, қойылған өтінімдерді кері қайтару туралы жазбаша хабарламамен немесе өткізілетін жаңа күнімен өткізуді кейінге қалдыра алады.

Потенциалды жеткізуші өз өтінімін байқаулық өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Байқау ықтимал қызмет жеткізушінің өкілімен қатысу немесе ондай өкілсіз өткізіледі, егер өкілі байқауға қатыспаса. 

Құқықтық және қаржылық құжаттама пакеттерін дайындау мәселелері бойынша Құрманбаев Санжарға жүгіну қажет.

Тел: +7 (727) 2 599 710 іш. 5847, моб/What's App: +7 747 065 32 35

Техникалық тапсырма бойынша басқа құжаттама пакетін дайындау бойынша сұрақтармен Жакупова Салтанатқа жүгіну

Тел: +7 (727) 250 00 00, іш.5667, e-mail: SZhakupova@nurbank.kz