Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ корреспонденцияларды, сәлемдемелер мен жүктерді Қазақстан Республикасының қалаларында (соның ішінде қашықтағы ауылдарда), халықаралық бағыттарда және қаланың ішінде тасымалдау бойынша ашық тендер өткізілетінің хабарлайды. Потенциалды жеткізушілерді осы тендерге қатысуға шақырады. Тендер2019 жылғы 14 қарашада 14:30-да «Нурбанк» АҚ ғимаратында мына мекенжайда өтеді: Әбая даңғылы 10В.
Тендер түрі: ашық.
Тендер басталуы: 2019 жылғы 14 қарашада 14:30-да, мекенжайы: Әбая даңғылы 10В, 3-қабат, 310-үлкен конференц зал;
Сауда аяқталуы: 16:30;
Құжаттар мен ұсыныстарды қабылдау сағат 12:00-ге дейін (қоса алғанда) 2019 жылғы 13 қарашаға дейін мына мекенжайда: Әбая даңғылы 10В, 204 кабинет.
Тендерге заңды тұлғалар (потенциалды қызмет жеткізушілер) қатыса алады. Олар тендер өткізілген сәтте келесі талаптарға сай келу керек:
1) тендерге қатысуға өтінім берген және сатып алу келісім-шартына қол қою сәтінде салық төлеу және бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша міндеттерді орындау;
2) төлем шарттары: қызмет көрсетілген айдан кейінгі айда;
3) Келісілген уақытта Тапсырыс берушімен, тасымалдау үшін «есіктен есікке» қағидасы бойынша жөнелтімдерді қабылдау:
- қала бойынша;
- Қазақстан Республикасы бойынша;
- ТМД елдері және алыс шетелдер бойынша.
4) Қосымша тегін қамтамасыз ету қызметтерін көрсету:
- курьерді тегін шақыру;
- арнайы қаптамамен (қағаз, полиэтилен, ауа көпіршікті орамалар) тегін қамтамасыз ету;
- нақты және көлемді салмағын өлшеу үшін тегін едендік таразылармен қамтамасыз ету;
5) Корреспонденция жеткізу уақыты туралы ақпаратты Тапсырыс берушіге тегін беру, телефон арқылы;
6) Корреспонденция жеткізілгені туралы растау ұсыну (оригинал ескертпе) Тапсырыс берушінің нұсқамасы бойынша тегін;
7) Жеткізу кепілді мерзімдері күндермен (экспресс 2 күнтізбелік күнге дейін, эконом 5 күнтізбелік күнге дейін);
8) Қазақстан қалаларындағы өз таратылым жеке өкілеттілігі болуы;
9) Қосымша шақыру кезінде құжаттарды шұғыл жөнелту үшін қайта курьер бағыттау (тегін негізде);
10) пошта-курьер қызметі нарығында кем дегенде үш жылдық жұмыс тәжірибесі болуы керек.
Пошта-курьер қызметін сатып алу туралы техникалық сипаттама осы хабарламаға 2-қосымшада берілген.
Тендер өтінімдерін бағалау критерийлері:
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеті қажет:
1 пакет: Заңды құжаттама
1) тендерге қатысуға өтінім белгіленген үлгіде, осы хабарламаға 3-қосымшаға сәйкес;
2) құрылтайшылық құжаттардың, заңды тұлғаның тіркеу/қайта тіркеу куәлігінің (Жарғы, қосымша құн салығына тіркеу туралы куәлік) нотариалды расталған көшірмелері;
3) өкілетті тұлғаның, жеткізушінің өкілі ретінде қызмет етушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;
4) жеткізушінің өкілетті тұлғасына Тендерге қатысу үшін сенімхаты;
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) Банктік деректемелерді растайтын және банк алдында қарыз жоқ екенін көрсететін банктен алынған анықтаманың түпнұсқасы;
3) Заңды тұлғалар үшін баспахатымен расталған қаржылық есептер көшірмелері, жеке кәсіпкерлер үшін қолтаңбамен расталған салық декларациялары, бар болса;
4) Салық комитетінен жеткізушінің салықтарға қарызы жоқ туралы тіркеу мекенжайынан анықтама түпнұсқасы;
5) жеткізушімен бұрын жұмыс істеген заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсынымдары мен шолулар көшірмелерін, бірлескен жұмыстың тәжірибесі туралы бағалар мен сипаттамаларын қамтыған құжаттар (бар болған жағдайда);
6) баға ұсынысы (коммерциялық);
7) Корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері Тендердің болуына алдындағы екі жылға жақын. Егер салықтық есепке алуында соңғы екі жылда шығындар болса, қатысушы ұсынатын тауар/қызмет бағасының негіздемесін беру қажет (тауарлар/жұмыстар/қызметтерді сатып алуға қатысты, кейіннен халықаралық коммерциялық операция объектісі болып табылатын).
3 пакет: Басқа құжаттама
1) Қазақстан қалаларындағы өз өкілеттілігінің бар екенін растайтын хат (мекенжай, байланыс деректерімен ақпарат ұсыну).
Потенциалды жеткізуші тендерлік өтінімін дайындау және ұсыну шығындарының барлығын мойнына алады, ал Банк және тендерлік комиссия бұл шығындар бойынша ешқандай жауапкершілік алмайды, тендер рәсімінің сипатына және нәтижесіне қарамастан.
Тендерлік комиссия Банктен тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру туралы ақпаратты қызмет жеткізушілер мен мәміледегі ресми қатыспаған тұлғаларға жария етпейтінін атап өтеміз.
«Нурбанк» АҚ өтінімдерді беріп қойған жеткізушілерге тендер өткізуді тоқтату немесе кейінге қалдыру туралы жазбаша хабарландыру жіберуге құқылы, оның жаңа күні туралы мәлімет беруді қосып.
Потенциалды жеткізуші тендерлік өтінімдерді беру соңғы мерзімі өтпестен бұрын өтінімді өзгерту немесе қайтарып алу құқығын иеленеді.
Тендер қызмет жеткізуші тұлғаның қатысуымен немесе онсыз, егер өкілетті тұлға тендерге қатыспаған жағдайда жүргізіледі.
Тендерлік құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі «2019 жылғы 13 қараша күнгі сағат 12:00 дейін, мекенжайы: Алматы қ., Әбая даңғылы, 10 «В», каб. 204.
Тендерлік құжаттар мөрлеп жабылуы және байланыс деректері көрсетілген конвертте ұсынылуы тиіс.
Байланыс тұлғалар:
Құқықтық және қаржылық құжаттама пакеттерін қалыптастыру мәселелерінде, Санжар Курманбаеваға хабарласыңыз.
Тел. 2 599 710 ішкі 5847 +7 747 065 32 35
Қызмет сипаттама мәселелерінде Гүлнұр Хасеноваға хабарласыңыз.
Тел. 2 599 710 ішкі 5077 GKhassenova@nurbank.kz
№ 1 қосымша. Техникалық сипаттама (жүктеу. xls, 32 КБ)
№ 2 қосымша. Тізім (жүктеу. xls, 34 КБ)