Байланыс резервтік арнасын ауыстыру қызметтерін жеткізушіні таңдау жөніндегі ашық тендер

Байланыс резервтік арнасын ауыстыру қызметтерін жеткізушіні таңдау жөніндегі ашық тендер

19.08.2019

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ резервтік байланыс арнасын ауыстыру бойынша қызметтер жеткізушісін таңдау үшін ашық тендер өткізілетінін хабарлайды:

  • Лот № 1. Резервтік байланыс арнасын ауыстыру;

және әлеуетті жеткізушілерді тендерге қатысуға шақырады, ол 2019 жылғы 22 тамызда сағат 14:30-да «Нұрбанк» АҚ ғимаратында, мына мекенжайда өтеді: Абая даңғылы 10В.

Тендер түрі: ашық:

Тендердің басталуы: 22.08.2019 ж. 14:30, мекенжайы: Абая даңғылы 10В, 3 қабат, 310 үлкен конференц залы;

Сауда-саттықтың аяқталуы: 16:30;

Құжаттар мен ұсыныстарды жинау 2019 ж. 21.08. 12:00-ге дейін (қоса алғанда), мекенжайы: Абая даңғылы 10В; 204 кабинет канцелярия.


Тендерге төменде баяндалған критерийлерге сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер жіберіледі:

  • №4 Қосымша _таңдау критерийлері.

Техникалық сипаттама беріледі:

  • №1 Қосымша – Техникалық сипаттама.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттардың пакеттерін ұсыну қажет:

1 пакет: Заңды құжаттама
1) №5 Қосымшаға сәйкес белгіленген формадағы тендерге қатысу өтінімі;
2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәлігі (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою куәлігі);

3) лицензиялардың көшірмелері (түпнұсқа тексеру үшін) мемлекеттің лицензиялануы тиіс қызмет түрлері бойынша (сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет лицензиялануы тиіс болған жағдайда);

4) жеткізушінің өкілі болып табылатын уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) Тендерге қатысу үшін жеткізушінің уәкілетті тұлғаға берген сенімхаты;

2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) үміткердің банктік деректемелерін, банк алдындағы мерзімі өткен қарыздың жоқтығын растайтын қызмет көрсетуші банктен алынған анықтаманың түпнұсқасы;

2) заңды тұлғалардың мөрімен расталған бір жылдық қаржылық есептіліктің көшірмелері, жеке кәсіпкерлер үшін бар болған жағдайда мөрмен расталған салық декларацияларының көшірмелері;

3) жеткізуші тіркелген жердегі Салық комитетінен салық төлемдері бойынша қарыздың жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы;

4) бұрын жеткізушімен ынтымақтастық жасаған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ынтымақтастық тәжірибесінің уақтылығын, толықтығын және басқа сипаттамаларын қамтитын ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері (бар болған жағдайда);

5) материалдық-техникалық базаның бар екендігі туралы ақпарат;

6) баға ұсыныстары;

7) Шарт бойынша жеткізу кезінде есеп айырысуды «Нурбанк» АҚ-ның есеп айырысу шотынан жүзеге асыруға келісімді растау.

3 пакет: Басқа құжаттама

Өз тарапымыздан, Банктің Тендерлік комиссиясы тендерге қатысуға үміткер жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми қатыспайтын кез келген басқа тұлғаларға тендерлік өтінімдерді қарастыру, бағалау және салыстыру туралы ақпаратты ашпауға құқығы бар екенін атап өтеміз.

«Нұрбанк» АҚ тендердің күшін жою немесе кейінге қалдыру және тендерге өтінім берген әлеуетті жеткізушілерді тендердің күшін жою немесе кейінге қалдыру туралы жаңа мерзімін көрсете отырып хат арқылы хабардар ету құқығын өзіне қалдырады.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті қызмет жеткізуші уәкілетті тұлғаның қатысуымен немесе егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса, онсыз өткізіледі.

Тендер құжаттамасын ұсынудың соңғы мерзімі 2019 жылғы «21» тамыз сағат 12:00 құрайды.

Байланыс тұлғалары:

Заңды және қаржылық құжаттамалар пакеттерін қалыптастыру бойынша мәселе туындаған жағдайда Курманбаев Санжарға хабарласыңыз

Тел. +7 (727) 2 599 710 ішкі нөмір 5847 SKurmanbayev@nurbank.kz

Техникалық тапсырма бойынша басқа құжаттамалар пакетін қалыптастыру бойынша мәселе туындаған жағдайда Ли Евгенийге хабарласыңыз

Тел. +7 (727) 2 599 710 ішкі нөмір 4545 Evgeny.Lee@nurbank.kz.