Компьютерлік және перифериялық жабдықтарды сатып алуға арналған ашық тендер

Компьютерлік және перифериялық жабдықтарды сатып алуға арналған ашық тендер

27.06.2019

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нурбанк» АҚ компьютерлік және перифериялық құрал-жабдықтардың келесі екі лот бойынша ашық тендер өткізу жөнінде жариялайды:

  • ЛОТ№1 «МФУ, Сканер»
  • ЛОТ№2 «ИБП»

Тендер үлгісі: ашық:

Тендер басталуы: 04.07.2019 ж., сағат 14:30, Абая пр., 10В, 3-қабат, 310-шы үлкен конференц-зал;

Сауда аяқталуы: 16:30;

Құжаттар пакетін және ұсыныстарды қабылдау 03.07.2019 ж. сағат 12:00 дейін, Абая пр., 10В мекен-жайында, 204-кеңсе, канцелярияда жүргізіледі.

Тендерге қатысуға қызметтерді ұсынушы заңды тұлғалар (потенциалды жеткізушілер) жіберіледі, олар тендер өткізу кезінде келесі талаптарға сай болуы керек:

  • Қызмет көрсету бойынша келісім-шартқа сәйкес міндеттерді орындауға қажетті кәсіби құзыреттілікке және жұмыс тәжірибесіне ие болу, қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын иелену;
  • Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Семей, Өскемен, Талдықорған, Көкшетау, Тараз қалаларында кепілдік қызмет көрсету бойынша сервистік орталық немесе сервис-серіктеске ие болу (атауын, мекен-жайын, байланыс ақпаратын көрсету керек);
  • Құрал-жабдықтар қауіпсіздігі — барлық тауар ассортиментіне кемінде 1 жыл;
  • Потенциалды жеткізуші өз тендерлік өтінімін дайындауға және ұсынуға байланысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия олар үшін жауап бермейді және тендердің өту мен нәтижесіне қарамастан бұл шығындарға ешқандай міндеттеме алмайды;
  • Потенциалды жеткізушінің компьютерлік құрал-жабдық нарығында кемінде 2 жыл жұмыс істеуі міндетті;
  • Алматы қаласы мен аймақтар бойынша жеткізу «Нурбанк» АҚ ұсынған жоспар бойынша орындалуы тиіс;
  • Техникалық сипаттама көрсетілген тауар санынан артық қосымша тауарлар қажет болған жағдайда, әр тауар бірлігі бағасы Келісім-шарттың әрекет ету мерзімі ішінде бекітіліп, ауытқымайды;
  • Қызмет көрсету жеткізушісі кепілдік мерзімінде істен шыққан кемінде 10 дана перифериялық құрылғыларды сервистік орталыққа және кейін тапсырыс берушінің орналасқан жеріне қайта кететін тасымалдау шығындарын толықтай өтейді (жеткізу құны тауар бағасына кіреді);
  • «Нурбанк» АҚ-мен бұған дейін жасалған шарттар бойынша талаптары болмауы тиіс;
  • төлем қабілетті болуы, жойылуға жатпау, мүлкі тәркіленбеуі, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес тоқтатылмаған болуы керек;
  • тендерге қатысуға өтінім берген сәтте және қызмет көрсету келісім-шартына қол қою кезінде бюджетке салықтар мен басқа міндетті төлемдер бойынша өз міндеттемелерін орындауы тиіс;

Төлеу шарттары: 50% алдын ала төлем, 50% тауар жеткізілгеннен кейін.

Техникалық сипаттама және бағдарламалық өнімдер сипаттамасы №1 Қосымшада (ЛОТ№1, ЛОТ№2) көрсетілген.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

  • потенциалды жеткізушінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
  • тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттамадағы техникалық сипаттамаларға сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • құрал-жабдықты жеткізу мерзімі;

Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар пакеттері:

1 пакет: Заңды құжаттар

1) тендерге қатысуға өтінім, осы хаттың №5 Қосымшасына сәйкес;

2) заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы негізге құжаттардың, заңды тұлғаны есепке қою туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша есепке алынған куәлік);

3) сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер үшін мемлекетпен лицензияланатын қызметті іске асыру туралы лицензияның нотариалды расталған көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқа);

4) жеткізуші өкілінің - уәкілетті тұлғаның жеке куәлік құжатының нотариалды расталған көшірмесі;

5) Тендерге қатысуда уәкілетті тұлғаға жеткізушінің сенімхаты;

2 пакет: Қаржылық құжаттар

1) үміткердің банк алдындағы мерзімінен кешіктірілген берешектері жоқ екенін растайтын қызмет көрсетуші банктың түпнұсқалық анықтамасы;

2) заңды тұлғалардың бір жылдық қаржылық есептілікте расталған мөрімен, жеке кәсіпкерлерге арналған салықтық декларациялармен мөрімен расталған көшірмелері (бар болса);

3) жеткізушінің тіркелген жеріндегі Салық комитетінің салық төлемдерін төлеу бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы;

4) жеткізушімен бұған дейін ынтымақтастық жасаған заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлерден ұсынымдар мен пікірлердің көшірмелері, ынтымақтастық тәжірибесін, оның ішінде міндеттемелердің уақытылы орындалуын және т.б. сипаттайтын (бар болса);

5) материалдық-техникалық базаның бар болуы жағдайы туралы мәліметтер;

6) баға ұсыныстары;

7) «Нурбанк» АҚ арқылы Шарт бойынша жеткізу кезінде есеп айырысуларды жүзеге асыруға келісім растау.

3 пакет: Басқа құжаттар

1) ұсынылатын құрал-жабдықтардың сипаттамасы және техникалық құжаттары;

2) құрал-жабдықтардың жеткізу және кепілдік қызмет көрсету шарттары;

3) жеткізу мерзімдері;

Тендер комиссиясы Банк ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру туралы ақпаратты потенциалды қызмет жеткізушілері немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде тартылмаған басқа тұлғаларға жарияламауға құқығы бар екенін атап өтеміз.

«Нурбанк» АҚ тендерді тоқтату немесе кейінге қалдыру құқығына ие, тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерді жазбаша түрде тендерді тоқтату немесе жаңа өткізу мерзімін көрсете отырып, ауыстыру жөнінде хабарландырады.

Потенциалды жеткізуші өзінің өтінімін соңғымыз мерзімі өтуіне дейін өзгертпеуге немесе кері алмауға құқылы.

Тендер уәкілетті тұлғаның қатысуымен потенциалды қызмет жеткізушінің немесе мұндай тұлға қатыспайтын болса оның қатысуынсыз өткізіледі.

Тендерлік құжаттаманы тапсырудың соңғы мерзімі: 2019 жылдың 3 шілдесі, сағат 12:00.

Байланысты тұлғалар:

Заңды және қаржылық құжаттар пакеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша Курманбаев Санджарға жүгіну.

Тел.: 2 599 710 ішкі қосымша 5847, SKurmanbayev@nurbank.kz

Техникалық тапсырмалар бойынша басқа құжаттар пакеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша Ғазымжанов Сейтжан, Оспанбаев Сабитке жүгіну.

Жұмыс тел.: 8(727)250 0 000 ішкі қосымша 4000 Sospanbayev@nurbank.kz.

Жұмыс тел.: 8(727)250 0 000 ішкі қосымша 4661 SGazymzhanov@nurbank.kz.