Ашық тендер

Ашық тендер

27.05.2019

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нурбанк» АҚ қайырымдылық жүгірісінің спорттық бөлігін ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету үшін жеткізушіні таңдау бойынша ашық тендер өткізетінін хабарлайды. Ол 2019 жылдың 7 қыркүйегінде Алматы қаласында өтеді.

Егер сізде үлкен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесі бар болса, 2019 жылдың 6 маусымында сағат 14:30-да Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», №310 кабинет мекен-жайы бойынша өтетін ашық тендерге қатысуға шақырамыз.

Құжаттарды жинау 2019 жылдың 5 маусымындағы 12:00-ге дейін Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», канцелярия, №204 кабинет, Құрманбаев Санжардың атына.

Тендерге заңды тұлғалар қатыса алады (қызметтердің әлеуетті жеткізушілері), олар тендерге қатысу кезінде келесі талаптарға сай болуы тиіс:

1) ірі спорттық іс-шараларды өткізуде кәсіби біліктілікке және тәжірибеге ие болу (тұтынушылардан алғыс хаттарымен расталады), қызметтер көрсету шартына сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу;

2) төлемқабілетті болу, таратылуға жатпау, мүлкінен арест алынбаған және оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте тоқтатылмаған;

3) тендерге қатысу өтінішін берген және қызмет көрсету шартын жасаған сәтте бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындаған болуы қажет;

4) әлеуетті жеткізушінің нарықтағы қызмет мерзімі 3 жылдан кем болмауы тиіс. 

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1.  Заңды құжаттама:

   1) тендерге қатысу өтініші белгіленген форма бойынша;

   2) құрылтай құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша есепке қою куәлігі);

   3) әлеуетті жеткізушінің тіркелу орны бойынша Салық комитетінен салықтық қарыздың жоқтығы туралы түпнұсқа анықтама;

   4) мемлекеттік лицензиялануға жататын қызметті орындау үшін лицензиялардың көшірмелері (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша лицензиялануы тиіс болса);

   5) жеткізушінің өкілі болып табылатын уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

   6) тендерге қатысу үшін жеткізушінің уәкілетті тұлғаға берілген өкілеттігі;

2. Қаржылық құжаттама:

   1) баға ұсынысы;

   2) соңғы 12 (он екі) айдағы заңды тұлғалар үшін қаржылық есептіліктің көшірмелері немесе жеке кәсіпкерлер үшін салықтық декларациялар;

   3) жеткізушімен бұрын жұмыс істеген заңды тұлғалардың ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, олар ынтымақтастық тәжірибесінің сипаттамалары мен бағаларын, оның ішінде міндеттемелерді уақытылы, толық орындауды және т.б. қамтиды;

Біз өз тарапымыздан Банк Тендер комиссиясының әлеуетті қызметтер жеткізушілеріне немесе тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру рәсімдеріне ресми қатыспайтын кез келген басқа тұлғаларға қатысты ақпаратты ашпау құқығын ескертеміз.

«Нурбанк» АҚ тендерді өткізу күнін өзгерту немесе күшін жою туралы тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерді жазбаша хабардар ете отырып, тендерді тоқтата тұру немесе күшін жою құқығын өзінде қалдырады.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінішін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті қызметтер жеткізушісінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе ол қатыспаса, оның қатысуынсыз өткізілетін болады. 

Байланыс тұлғасы: жарнама және қоғаммен байланыстар департаментінің бастығы Синилова Марина Александровна, тел.+7 (727) 2 599 710, ішкі 5353,  +7 777 779 69 14, msinilova@nurbank.kz

№ 1 қосымша. Техникалық сипаттама (жүктеу. xls, 26 KБ)

№ 2 қосымша. Өтінім (жүктеу. doc, 17 KБ)