«Нурбанк» АҚ кеңсе тауарларын сатып алу бойынша ашық тендер өткізілетінін хабарлайды.
Тендер қорытындысы бойынша ең жақсы шарттар ұсыған компаниямен 12 айға жеткізу шарты жасалады.
Осы хабарландыруға қоса берілген файлдардан талаптар тізімі мен қажетті тауарлар тізбесін таба аласыздар.
Тендер түрі: ашық
Сауда басталуы: 2019 жылғы 28 мамырда сағат 14:30-да Алматы қаласы, Абай даңғылы 10 «в» мекенжайы бойынша
Сауда аяқталуы: 2019 жылғы 03 маусымда сағат 16:00-де Алматы қаласы, Абай даңғылы 10 «в» мекенжайы бойынша
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2019 жылғы 04 маусымға дейін сағат 18:00-де Алматы қаласы, Абай даңғылы 10 «в» мекенжайы бойынша
Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар:
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:
1 пакет: Заңды құжаттама
1) бекітілген нысан бойынша тендерге қатысу өтінімі;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлға тіркеу/қайта тіркеу куәліктерінің нотариалды расталған көшірмелері (Жарғы, қосылған құн салығы есепке қою куәлігі);
3) мемлекеттік лицензияланатын қызметтерді көрсету бойынша лицензия көшірмелері (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялауға жататын болса), түпнұсқа тексеру үшін қажет;
4) жеткізушінің өкілетті тұлғасының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;
5) тендерге өкілетті тұлғаға сенімхатын жеткізуші;
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) «Нурбанк» АҚ-да қаржылық заңсыз табыс мен терроризмді қаржыландыруды заңдастыруға қарсы іс-қимыл бойынша ішкі бақылау ережелері негізінде толтырылған заңды тұлғаның анкеталары;
2) талапкердің банк алдындағы мерзімі өткен қарызы жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банк анықтамасының түпнұсқасы;
3) заңды тұлғалардың бір жылдық қаржылық есептілігі көшірмелері, заңды тұлға мөрімен расталған, жеке кәсіпкерлердің болса, олардың мөрімен расталған салық декларациялары;
4) жеткізушінің тіркелген орны бойынша Салық комитетінің салықтарды төлеу қарызының жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасы;
5) жеткізушімен бұрын жұмыс істеген заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстар мен пікірлер көшірмелері, міндеттемелерді уақытылы, толық орындау және басқаларының бағалаулары мен сипаттамалары (бар болған жағдайда);
6) материалдық - техникалық базаның болуы туралы мәліметтер;
7) баға ұсыныстары;
8) тендер өткізуге дейінгі 2 (екі) жылға корпоративтік табыс салығы бойынша декларация көшірмелері. Егер алдыңғы екі жылда салық есебінде шығындар болса, қатысушы тендер нысаны болып табылатын тауар/қызметтердің баға төлемінің негіздемесін ұсынуы қажет.
3 пакет: Басқа құжаттама
1) тауар сипаттамасы, жеткізу шарттары, мерзімдері.
2) әлеуетті Жеткізуші тендерлік өтінімін дайындау және ұсыну бойынша барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк және тендерлік комиссия осы шығындар үшін жауап бермейді және міндеттемелер алмайды, тендердің өткізілу және қорытындысының сипатына қарамастан.
Өз кезегімізде Банк тендерлік комиссиясы әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын кез келген басқа тұлғаларға тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру мәселелерін жария етпеуге құқылы екенін атап өтеміз.
«Нурбанк» АҚ тендерді өткізу немесе ауыстыру туралы жаңа өткізу күнін көрсете отырып, тендерлік өтінімдерін ұсынған әлеуетті жеткізушілерді жазбаша түрде хабарландыра отырып, тендерді тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші осы сияқты өткізілу мерзімі аяқталғанға дейін тендерлік өтінімін өзгерту және қайтарып алу құқығына ие.
Байланыс тұлғасы:
Баға ұсыныстары мен құжаттар пакеті бойынша сұрақтар бойынша:
Қосымша № 1. Техникалық спецификация(жүктеу. doc, 26 KБ)
Қосымша № 2. Критерийлер(жүктеу. doc, 17 KБ)
Қосымша № 3. Өтінім(жүктеу. doc, 44 KБ)
Қосымша № 4. Кеңсе тауарлар тізімі(жүктеу. doc, 26 KБ)