«Компьютерлік жабдықтар мен перифериялық құрылғыларды» сатып алу тендері

«Компьютерлік жабдықтар мен перифериялық құрылғыларды» сатып алу тендері

04.05.2019

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ компьютерлік және перифериялық жабдықты сатып алу бойынша ашық тендер өткізу туралы хабарлайды:

  • ЛОТ№1 "Моноблок, Жүйелік блок, Ноутбук, Монитор"
  • ЛОТ№2 "МФУ, Сканер"
  • ЛОТ№3 "ҮЗҚ"

Тендер түрі: ашық:

Тендердің басталуы: 16.05.2019ж. 14:30 с., мекенжайы: Абая даңғылы 10В, 3-қабат, 310 конференц залы;

Сауда аяқталуы: 16:30;

Құжаттар мен ұсыныстарды қабылдау 12:00 сағатқа дейін (қоса алғанда) 15.05.2019ж., мекенжайы: Абая даңғылы 10В; кеңсе 204.

Тендерге заңды тұлғалар (қызмет ұсынушы әлеуетті жеткізушілер) қатыса алады, олар тендер өткізу кезінде келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • Кәсіби біліктілік пен жұмыс тәжірибесіне ие болу, келісімшартқа сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу;
  • Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Семей, Өскемен, Талдықорған, Көкшетау, Тараз қалаларында кепілдік қызмет көрсету орталығы немесе қызмет-серіктесі болуы (атауы, мекенжайы, байланыс деректерін көрсету арқылы ақпарат ұсыну);
  • Жабдыққа кепілдік мерзімі – барлық тауар ассортиментіне кемінде 1 жыл;
  • Әлеуетті жеткізуші тендер өтінімін дайындау және беру шығындарына жауапты, ал Банк пен тендер комиссиясы бұл шығындар үшін жауап бермейді, тендердің өткізілу сипаты мен нәтижелеріне қарамастан;
  • Компьютерлік жабдық нарығындағы жұмысының мерзімі кемінде 2 жыл;
  • Алматы қаласы және аймақтар бойынша жеткізу «Нұрбанк» АҚ ұсынған жоспарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс;
  • Техникалық спецификациейде көрсетілген саннан артық тауар бірліктері қажет жағдайда әрбір тауар бірлігінің құны келісімшарт мерзімі ішінде тіркеледі;
  • Қызмет көрсетуші жеткізуші кепілдік мерзімі ішінде істен шыққан 10 немесе одан астам компьютерлік жабдықты тасымалдау бойынша шығындарды өз мойнына алады, және де бұл шығындар тауар бағасына кіруі тиіс;
  • Төлем шарттары: 50% алдын ала, 50% тауар жеткізілгеннен кейін.
  • «Нұрбанк» АҚ-мен бұрын жасалынған шарттар бойынша ешқандай талас болмау;
  • төлем қабілеттілігін сақтау, ликвидацияға жатқызылмау, мүлікке арест салынбауы, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте тоқтатылмауы керек;
  • тендерге қатысуға өтінім берген кезде және қызмет көрсету шартын жасаған кезде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеу бойынша міндеттемелерін орындау;

Техникалық спецификация және бағдарламалық өнімдер сипаттамасы №1 қосымшасында (ЛОТ№1, ЛОТ№2, ЛОТ№3) көрсетілген.

Тендер өтінімдерін бағалау критерийлері:

  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
  • тендер өтінімінің тендерлік құжаттаманың техникалық спецификациясына сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • жабдықты жеткізу мерзімдері.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:

1 пакет: Заңды құжаттама

1) осы хатқа №5 қосымшаға сәйкес бекітілген нысандағы тендерге қатысу өтінімі;

2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, тіркеу/қайта тіркеу куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша есепке қою куәлігі);

3) лицензия көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқа) мемлекет лицензиялайтын қызметтің түріне (егер тауар/жұмыс/қызметтер бойынша сатып алынатын қызмет лицензиялауға жатса);

4) жеткізушінің өкілетті тұлғасының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) жеткізушінің тендерге қатысу үшін өкілетті тұлғаға берген сенімхаты;

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) банк қызметкерінің, өтініш берушінің банктік деректемелерін, банктің алдында кешіктірілген берешегі жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;

2) заңды тұлғалар үшін бір жылдық қаржылық есептіліктің көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының көшірмелері, мөрі болса оның мөрімен расталған;

3) жеткізушінің тіркелген орны бойынша Салық комитетінің салығын төлеу бойынша берешегі жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;

4) жеткізушімен бұрын серіктес болған заңды тұлғалардан/жеке кәсіпкерлерден ұсыныстар мен пікірлердің көшірмелері, нәтижелілік пен міндеттемелерді толық орындау сияқты бағалаулар мен қызметтің тәжірибесін қамтиды (бар болса);

5) техникалық-материалдық базаның бар екендігі туралы мәліметтер;

6) баға ұсыныстары;

7) Жеткізу келісімшартында есеп айырысуларды «Нұрбанк» АҚ арқылы жүзеге асыруға келісімнің растығын растау.

3 пакет: Өзге құжаттама

1) жабдыққа сипаттама және техникалық құжаттама;

2) жабдықтың жеткізу және кепілдік қызмет көрсету шарттары;

3) жеткізу мерзімдері;

4) ҚР бойынша қызмет көрсету орталықтарының болуы (атауы, мекенжайы, байланыс деректерімен ақпарат ұсыну).

Банктің Тендер комиссиясы тендер өтінімдерін қарау, бағалау және салыстыруға ресми қатыспайтын әлеуетті қызмет жеткізушілер мен кез келген өзге адамдарға тендер өтінімдерін қарау, бағалау және салыстыру туралы ақпаратты ашуға құқылы емес.

«Нұрбанк» АҚ тендердің өткізілуін болдырмау немесе кейінге қалдыру құқығын сақтап қалады, егер тендер өтінімдерін ұсынған әлеуетті жеткізушілерге оның өткізілуінің күшін жою туралы немесе оның жаңа мерзімін көрсету арқылы ауыстырылуын жазбаша хабарлайды.

Әлеуетті жеткізуші соңғы тендер өтінімдерін беру уақыты аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгертуге немесе кері қайтаруға құқылы.

Тендер әлеуетті қызмет жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе мұндай уәкілетті тұлға тендерге қатыспаған жағдайда өткізіледі.

Тендер құжаттамасын тапсырудың соңғы мерзімі 2019 жылдың 15 мамыры, сағат 12:00.

Байланыс тұлғалары:

Құқықтық және қаржылық құжаттаманы қалыптастыру бойынша сұрақтар үшін Құрманбаев Саңжарға хабарласуға болады.

Тел. 2 599 710 ішкі. 5847 SKurmanbayev@nurbank.kz

Техникалық тапсырма бойынша өзге құжаттамалар пакетін қалыптастыру сұрақтары бойынша Ғазымжанов Сейтжан және Оспанбаев Саятқа хабарласуға болады.

Жұмыс. 8(727)2 500 000 ішкі. 4000 Sospanbayev@nurbank.kz

Жұмыс. 8(727)2 500 000 ішкі. 4661 SGazymzhanov@nurbank.kz

1-қосымша. Лот 1 техникалық спецификация (жүктеу .doc, 30КБ)

1-қосымша. Лот 2 техникалық спецификация (жүктеу .doc, 23КБ)

1-қосымша. Лот 3 техникалық спецификация (жүктеу .doc, 21КБ)

2-қосымша. Критерийлер (жүктеу .doc, 21КБ)

3-қосымша. Өтінім (жүктеу .doc, 30КБ)